Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер
Шіркеумен салыстырғанда билеуші біткеннің бəрі ұсақ дилетанттарға ұқсайды.
Ілмектер: шіркеу, билеуші, дилетант Элиас Канетти
Жұрт алдында жазалап, дарға асу дегеннің негізінде ежелгі ұжымдық өлтіру тəжірибесі жатыр. Нағыз қанішер — сол дар алдында шулаған қалың тобыр.
Ілмектер: жаза, жазалау, дарға асу, ұжым, тәжірибе, тобыр Элиас Канетти
Бұйрықтың иесі — күші асқан.
Ілмектер: бұйрық, күш Элиас Канетти
Кісілер өз төңірегіне тізіп тастайтын кедергінің бəрі əлде — біреулермен жақындасып кетуден қорқуға байланысты туады. Бұл қорқыныштан көпшілік ортасына енген кезде ғана құтылуға болады.
Ілмектер: кедергі, қорқу, қорқыныш, құтылу Элиас Канетти
Адамның мəңгілік өмірге деген үмітінің астарында қалай да тірі қалуға деген құштарлық жатады.
Ілмектер: мәңгілік, өмір, үміт, құштарлық Элиас Канетти
Тек кейін қайтар жол іздеп табу үшін жəне оны басқалардың бəріне тайға таңба басқандай етіп таныту үшін ғана құрдымға кетеді.
Ілмектер: жол, таңба, құрдым Элиас Канетти
Ішіп-жеуге болатынның бəрі — биліктің құзырындағы нəрсе.
Ілмектер: билік, құзыр, ішіп-жеу Элиас Канетти
Қандай шарасыздық жағдайында жазылса да, қағазға түскеннің бəрінде үміт ұшқыны бар.
Ілмектер: шарасыздық, қағаз, үміт Элиас Канетти
Мен барған сайын көп сенімнің кездейсоқтығына төзімсіз болып барамын.
Ілмектер: сенім, Кездейсоқтық Элиас Канетти
Қазіргі билік — қай кездегіден де құдіретті əрі қай кездегіден де қарғыс атқан билік.
Ілмектер: билік, құдірет, қарғыс Элиас Канетти
Үрейін ұшырғаннан гөрі, жеккөрінішті көрінген артық.
Ілмектер: үрей, жеккөрушілік Элиас Канетти
Жазғаныңды дəлелдеп жату қандай қиын десеңізші: құдды бір айтқаныңды қайтып алып жатқандай сезінесің.
Ілмектер: дәлел, жазу Элиас Канетти
Сұрақ қою — басып кірумен пара-пар.
Ілмектер: сұрақ Элиас Канетти
Кешірім жасау билігі дегеніміз — баршаға құзыреті жүретін жəне əркімге тонның ішкі бауындай жақын билік.
Ілмектер: кешірім, билік Элиас Канетти
Меланхолия кезінде адам өзін-өзі əбден тұйыққа тіреліп, алқымнан алғандай сезінеді.
Ілмектер: меланхолия, адам, тұйық, алқым Элиас Канетти
Ең тереңдегі, жануарлар деңгейіндегі, билікті билік емес зорлық деп атаған жөн.
Ілмектер: зорлық, билік, деңгей, жануар Элиас Канетти
Билік өзіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтындардың да басын шыр айналдырады.
Ілмектер: билік Элиас Канетти
Бет-бейнедегі қимыл-қозғалыстардан адамның қолынан қаншалықты айла-шарғы келетіні айқын аңғарылады.
Ілмектер: айла, қозғалыс, адам Элиас Канетти
Ешқашан дəл осылай істей алмайтындай қимылда.
Ілмектер: қимыл, іс Элиас Канетти
Күнтізбенің қолайлылығы ешқашан үзілмей, жалғаса беретіндігінде.
Ілмектер: күнтізбе Элиас Канетти
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі