Асқар бел, Асқар белдің аржағында ақ өткел, туралы жұмбақ жауабымен


Асқар бел,
Асқар белдің аржағында ақ өткел,
Ақ өткелдің аржағында кішкене тау,
Кішкене таудың аржағында қиған қамыс,
Қиған қамыстың аржағында мидай дала,
Мидай даланың аржағында қара қопа,
Қара қопаның ішінде қара шошқа,
Қара шошқаны алады жалғыз тоспа.

Иек, ауыз, мұрын, қас, маңдай, шаш,бит, тарақ

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Басқа да жұмбақтар


Бірі бітсе «л»-менен,
Бірі бітер «с»-пенен.
Екеуінде баршылық,
Құдіретті күш деген.
Екеуінің алдында,
Тұрғаны ұқсас екі әріп.
Мұны тапқан «би» болар,
Бірді беріп екі алып.
Бірі жатыр сайланып,
Біреуі тұр қайралып.
Қайсы мүшең екеуі,
Тапшы, қане, ойланып.




Ортасында екі әріп,
Соңында «з», басында «а».
Үлкен рөль атқарып,
Тұрады ол басыңда.
Онсыз өтпес тамақтан,
Шайнап берген асың да.




Басы «м» да соңы «н»,
Сезер бәлкім, қу ішің.
Ортасында үш әріп,
Түсіндің бе туысым.
Ол болмаса ауызбен,
Алынады тынысың.
Онсыз мүлде сезбейсің,
Ешнәрсенің иісін.




Екі жақта екі «қ»,
Ортасында үш әріп.
Ол болмаса түк ұқпай,
Тартарың хақ құсалық.
Өзі де екеу, тұрады -
Екі жерде «тұсалып».




Ортасында «а» жалғыз,
Басында «б», соңы «с».
Биігінде дененің,
Тұрақтаған қонысы.
Онсыз барлық мақұлық,
Жүре алмайды тік тұрып.
Бұл немене тапшы, дос,
Көрсетіп бір мықтылық.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері