Жүзім туралы жұмбақ жауабымен


Желілері жайылып,
Жол-жол болып жатады.
Күн нұрына бой ұрып,
Жердің нәрін татады,
Жасыл шатыр астында,
Кететіндей үзіліп,
Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тізіліп.

Жүзім

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Басқа да жұмбақтар


Басы майда,
Түбі – сайда.




Алуан түрлі қолшатыр
Қатарласып жолда тұр.




Гүл секілді,
Құлпырады, көктейді,
Күн секілді,
Бірақ, нұрын төкпейді.




Үлпілдеген қалпағы
Ескен желден қорқады.




Күзде жерге түседі,
От жақпай-ақ піседі.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері