Кішкентай ғана безер,
Жер дүниені кезер.Күміс ақша
Дүниеде аты мәшһүр болған қымбат,
Ықшамды әдемілік сондай сымбат.
Мақсатың көңілдегі табылады,
Адамзат зор санайды етіп құрмет.Ақша
Арзан ба, әлде қымбат па?
Білесің де бағасын,
Барлық затты бір затқа
Айырбастап аласың.Ақша
Бір қара дөңгелек,
Арлы-берлі дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек.Есепшот
Артық кемді теңестірер,
Дәнді де өзі жемес бірер.Таразы
Айтамын мен бір жұмбақ сарасынан,
Мекке мен Мәдиненің арасынан.
Тамаша сірә мұндай көрдіңдер ме,
Анасы туады екен баласынан.Қалып
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі