Басқа да жұмбақтар
Басы «е» де, соңы «к»,
Ортасында «с» мен «е».
Бәрін қоссаң бір көнпіс,
Көлік шығар кішкене.
Кішкенеңіз шаршамас,
Нағыз мықты міскене.
Байлаулы тұр сөреде,
Ол көлігім немене?
Жорықшыдай баяғы,
Таусылмайды аяңы.
Белі нәзік, қомақты –
Басы менен аяғы.
Басып өткен жеріне,
Өз иісін жаяды.
Қастығы жоқ кісіге,
Қол қоясың ісіне.
Көтеретін жүгі ауыр,
Таңғаласың күшіне.
Өте құмбыл жұмысқа,
Ол кәдімгі?
Болғанымен кішкене,
Нағыз пәле – міскене.
Талғамайтын күйіңді,
Бүлдіретін үйіңді.
Тұрақтамай көшеді,
Қаптың түбін теседі.
Мүлде тыныш тұрмайды,
Ас-тамақты ұрлайды.
Өзі сезгір «мыстан»,
Ол кәдімгі?
– Тойып алса тамаққа,
Жоламайды табаққа.
Жылы жерде жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Шалқасынан жатпайды,
Сезгірлігін сақтайды.
Тез парықтап иісті,
Тез сезеді дыбысты.
Жайшылықта ұстамды,
Бірақ, көрсе тышқанды
–Түрегелер ұшып,
Ол кәдімгі?
– Астыңғы ерні салпиған,
Үстіңгі ерні жалпиған.
Кере қарыс құлағы,
Оңай тозбас тұяғы.
Мандымайтын шабысы,
Мезі қылар дауысы.
Жерге аунаса күш алар,
Сүті арам, күші адал.
Жүгені жоқ басында,
Мінем десең қасыңда –
Тұрар арқасын төсеп,
Ол кәдімгі...
Арайлым
Рахмет!!!
салтанат
рахмет өзім қатты қуанып тұрмын.
Бекзат
кім біледі шешуін
Ақмарал
Көп көп рахмет
Мадина
Рахмет бұл жұмбақтың жауабын тауа алмаған едім , осы жақтан таудым тағы рахмет! ! !
Дильназ
Рахмет
Ерасыл
керемет сайт екен рахмет
Айгуль
А где жауап????
Айгуль
Кекілік деген не?
Дәулет С
Кекілік (лат. Alectoris chukar) – тауықтәрізділер отрядына жататын құстар.
Салм. 400 – 500 г. Ересек Кекіліктің арқасы көкшіл сұр, қанатының жамылғы қауырсындары көкшіл теңбілді қызғылт сары. Қоңыр сары мойны мен шықшыты қара жолақпен көмкерілген, омырауы көкшіл сұр, бауырының қалған жері қоңыр сары, екі бүйірі ақ, бірақ қара, сары жалпақ жолақты. Кекілік Қазақстанда Жетісу (‘’Жоңғар’’) Алатауында, Қаратауда, Іле және Теріскей Алатауында, Сауыр, Тарбағатайда, Үстірт, Маңғыстауда тараған. Кекілік – ұяламаған уақытта топтанып жүреді, тұрғылықты құс. Жердегі не тас арасындағы шұқыршықтарға құрғақ шөп төсеп, 7 – 22 жұмыртқа салады. Өсімдік дәнін, жәндіктерді жейді. Кекіліктің еті дәмді, арнайы рұқсатпен ауланады.[2]
Кекілік - орташа денелі тауық тұқымдастардың өкілі. Қара жолақпен жиектелген, ақ тамақты, екі бүйірі ақ және қара қиғаш жолақты, екі бүйірі ақ және қара қиғаш жолақты ашық өңді құс. Тұмсығы және аяғы - ашық қызыл түсті. Ұялау кезеніңде кекіліктер көбінесе алға шағып тұрған тасқа немесе аласа жартасқа орнығып алып, « кеке-лік», « кеке-лік» деп сыңғырлай қайталап концерт береді.
Ғазиз
Бул жумбактын осы сайттан таптым. Рахмет
Айжан
Керемет
А Дамир
Мен де осы сайттан таптым
РАХМЕТ
РАХМЕТ
РАХМЕТ!
Арайлым
Рахмет
Бико
РАХМЕТ
РАХМЕТ
Серік
көп рахмет.
Индира
Рахмет жумбактын жауабын таптык.
Аида
Рахмет үлкен рахмет осы сайттан қараған жақсы екен. Рахмет рахмет
Мақсат
Рахмет Алла разы болсын