Бір нәрсе төрт бұрышты, түсі шұбар,
Екі адам екі жақтан аңдып тұрар,
Екеуі он екіден әскер алып,
Жерінде ұшан майдан ұрыс салар.Дойбы
Байлаулы екі аяғым,
Қолымда екі таяғым.
Зырлаймын қардың үстімен,
Озамын атты кісіден.Шаңғышы
Адасқанда ал қолыңа,
Бағыт берер ол жолыңа.Компас
Шiк түстi,
Бүк түстi.
Алшы тұрды,
Тəйке тұрды,
Омпа тұрды.
Шеше алады
Ал кiм мұны?Асық
Зулап түсiп төменге,
Шықпас менсiз төбеге.Шана
Iшiн желмен толтырдым,
Қуалап жүрiп болдырдым.Доп
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі