![]()
Кеңес дәуірінен қалған бұл суреттер бүгінгі күні де қызықты.
Ендеше, суретке мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1- Қазір жылдың қай мезгілі?
2- Нақтылай түссек — қай ай?
3- Пәтерде су құбыры бар ма?
4- Пәтерде тек бала мен оның әкесі ғана тұра ма, әлде тағы біреу бар ма? Егер бар болса, кім?
5- Әкесі қандай қызмет атқарады?1- Баланың аяғында киіз етік бар, демек қазір қыс мезгілі. Бұл ойды суреттегі өзге белгілер де қуаттайды. Оң жақта пеш көрінеді, ал шынжыры бар екі дөңгелек — пештің ашық ауа тартқышы. Оның ашық тұруы пештің жағылғанын аңғартады, бұл да қыстың айқын белгісі. Қазіргі кезде мұндай пешті де, ауа тартқышты да көп адам бірден тани бермейді.
2- Сол жақ қабырғада ілулі тұрған күнтізбеде соңғы парақ қана қалған. Бұл — желтоқсан айы екенін көрсетеді.
3- Үйде су құбыры жоқ. Егер су құбыры болғанда, бала көбіне ауылда немесе саяжайда ғана кездесетін осындай қолжуғышты пайдаланбас еді.
4- Оң жақ бұрышта қуыршақтар тұр. Демек, бұл үйде баладан бөлек кем дегенде бір қыз бала да тұрады.
5- Әкесінің мойнына асып алған фонендоскоп пен үстел үстіндегі медициналық балға оның дәрігер болып қызмет ететінін аңғартады.
- Имам Әбу Ханифа
- Конфуций
- Абай Құнанбайұлы
- Альберт Эйнштейн
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі