Аспанда ай мен күндей «қалқымайды»,
Жел тисе жанған отша шалқымайды.
Жатса да ұзын арқан өзегінде,
Лап етіп барған жері жарқырайды.Ток
Торсылдақты іліп ем,
Жадыратты нұрымен.
Түнді тілсе қақ жарып,
Жер де, көк те жап-жарық.
Кішкентай күн үй ішінде
Жарқырайды түн ішінде.
Жатыр бәрі қатарда
Толтырып бір қораны.
Мылтықтарын атарда,
Басын бір-бір соғады.
Бұдыры жоқ бетінің,
Кетігі жоқ шетінің.
Жарқырайды күндіз-түн,
Ашып қалсаң тетігін.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі