Басқа да жұмбақтар
«К» мен «З» ның арасы,
Бір-ақ әріп, қарашы.
Көре алмайды ештеме,
Онсыз адам баласы.
Ол сіздің де бағыңыз,
Жарқыраған шамыңыз.
Арадағы әріпті,
Қане жылдам табыңыз.
«А» дегеннің соңына,
Бір әріпті білетін –
Қоссаң болар көлігің,
Жол жүргенде мінетін.
Зеректігің қаншалық,
Қосатының қайсы әріп?
Басы «ә» де, соңы «е»,
Бар адамға кез болар.
Ортасына не қоссаң,
«Әке» деген сөз болар?
Жалғыз әріп арасы,
Бәрін қоссаң аталар –
Адамзаттың анасы.
Айтшы қане, балшәріп,
Арадағы қайсы әріп?
Балада бар,
Данада жоқ.
Бабада бар,
Ағада жоқ.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі