Сулары жоқ, –
Көлдері бар.
Үйлері жоқ, –
Елдері бар.
Тастары жоқ, –
Таулары бар.
Қарбыздай-ақ
Аумағы бар.Глобус
Бояулары зер кілең
Зер-зер кілем, зер кілем.
Жер-жаһанды алдыңа
Жайып салар зор кілем.
Қансонарға – қап-қара
Із салады ақ пара.
Сырын түйген ғаламның
Ұстазы бар адамның.
Өзі сөйлей білмейді,
Жүрген ізі сөйлейді.
Зыр жүгірген шегенің
Ізін қуып келемін.
Сол із менің өзімнің
Сырымды айтып береді.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі