Айна туралы жұмбақ жауабымен


Адамды тартып алар көрсе өзі,
Мелшиіп қарап тұрар болмай сөзі.
Жанына барған кісі екеу болар,
Бетіне түртіп қалсаң шығар көзі.

Айна

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Басқа да жұмбақтар


Қарап тұрмайды,
Мақсаты – үй қамы.
Сылап-сипайды
Ұйпа-тұйпаны.




Үйден шықсаң,
Болмайды оның керегі,
Қайтып келсең,
Үйге хабар береді.




– Белімнен қыс! – дейді,
Қыссаң, тістейді.




Көмекейлете асатсаң,
Білем-білем шикі етті,
Шығарады тосаттан,
Жанышпа қып бір текті.




Арқасында шалжиясың,
Түнейсің де әл жиясың.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері