Айна туралы жұмбақ жауабымен


Әрі отыр ләйлім құс,
Бері отыр ләйлім құс.
Көлеңкесі күмістен,
Күліп тұрған ләйлім құс.

Айна

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

еркеназ

жұмбақтың шешуі?
әуеде бір ноқат
тапжылмай қалқып тұр.
әдемі бір ырғақ
аспаннан шалқып тұр.

Басқа да жұмбақтар


Қарап тұрмайды,
Мақсаты – үй қамы.
Сылап-сипайды
Ұйпа-тұйпаны.




Үйден шықсаң,
Болмайды оның керегі,
Қайтып келсең,
Үйге хабар береді.




– Белімнен қыс! – дейді,
Қыссаң, тістейді.




Көмекейлете асатсаң,
Білем-білем шикі етті,
Шығарады тосаттан,
Жанышпа қып бір текті.




Арқасында шалжиясың,
Түнейсің де әл жиясың.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері