Қайда жүрсең,
Қосарлана шабады.
Үйге кірсең,
Босағада қалады.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Іші жыртық,
Сырты тыртық.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Ерте тұрдым,
Алып ұрдым.
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Жайсаң - түңлік,
Жисаң - діңгек.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Дөңгелек өзі,
Төртеу көзі.
Ұстайды мықтап,
Тұрғанды сырттап.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Киімдегі қуыс,
Ұсақ-түйекке ыдыс.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Қандай байлық ішінде,
Барын өзім білетін,
Қоймалар көп үстімде,
Көшіп бірге жүретін.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Аузы біреу, бес құдық,
Қыстыкүні бойлатам,
Бесеуіне бес құрық.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Есігі біреу,
Бөлмесі бесеу.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Қаз-қатар тесігі бар,
Қалпақсыз есігі бар.
Көмейінде тілі бар,
Аузын буар жібі бар,
Кеме сынды пошымы,
Білсең айтшы, осыны?Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Күні бойы жүргізеді,
Үйге де кіргізеді.
Бірақ, өзі ізетті,
Босағада қалып
Шығуымды күтеді.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Күндіз
Таяғымды қаптаймын,
Түнде
Босағаға тастаймын.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Іші - егіс,
Сырты - тегіс.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Сырт жағына зер жіппен,
Көз тартатын көрікпен,
Ою-өрнек бастырған,
Шалқасынан тастаған,
Кәдімгі сырлы тостаған,
Қойсаң егер төңкеріп,
Төңірегін көмкеріп,
Тостағандай бос тұрған,
Киіз үйден аумайды,
Басқұрмен бастырған.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген.
Етегі желкендей,
Киім еді ол нендей?Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Ортасы күмбез.
Іргесі тегіс-ті.
Күннен қорғайды,
Шындағы егісті.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Адамның сәні,
Онсыз жоқ мәні.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Артында құйрығы бар,
Төреден бұйрығы бар.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Артында құйрығы бар,
Төреден бұйрығы бар.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Өздігінен бата алмас,
Адам өмірімен қатарлас.
Ол болмаса пендеңіз,
Тіршілік өмір жасамас.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Кірт етіп кіріп кетті,
Сырт етіп шығып кетті.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Бір нәрсе қолға жұмсақ былқылдайды,
Аузында екі тісі жылтылдайды.
Салуға өзге нәрсе бұйрығы жоқ,
Арнап салған нәрсеге жыртылмайды.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Не нәрсе жұдырықтай дөп-дөңгелек,
Ішінде бөлмесі бар бөлек-бөлек.
Бөлмесіне көп түлік еркін сияр,
Қабаттап айдап тықсаң ептеңкіреп.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Жүнсіз қолым жүнді жеңге кірді.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Жырығыңа жұмалағым.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Дөңгелек айналасы, төртеу көзі,
Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі.
Нәрсені қашық тұрған жақындатып,
Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Көсеуді бесеуге сұқтым.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Бес ін,
Бес іннің аузы бір ін.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Қалада бір нәрсе бар, он сайы бар,
Жігітке пайда болар бір жайы бар.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі