Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Ас көрсе-ақ жалайды,
Содан ауру тарайды.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Құс емес,
Бірақ әндетіп ұшады.
Өзіңді көрсе,
Құшақтап қысады.
Тістеп сүйеді, жаның күйеді.
Бітпей егесің
Қанын төгесің.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Еңбегі бапты,
Емгені тәтті.
Өмірлік нәрін
Гүлдерден тапты.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Қарайып ұшқанымен қарға емес,
Ін қазғанмен түлкі емес.
Арқасында боқшасы,
Жинағанмен мүлкі емес.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Бір палуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Елек-елек тарым бар,
Көтере алсаң бәрін ал.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Кішкентай ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Тоқыған ауы – шыбынның жауы.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Әуеден ақ-сары құс ән салады,
Келгенде шабытына жан алады.
Өзгеше қылығына қарап тұрсаң,
Дымы жоқ тақыр жерден нәр алады.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Екi ұшы бұлдырақтай,
Ортасы қылдырықтай.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Беретұғын балы бар,
Шағып алса – зәрі бар.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Ұшағым бар кіші,
Мінбейді еш кісі.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Гүлдерден нәр тереді,
Біздерге бал береді.
Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Жаңбыр жоқта бұғады,
Жаңбыр жауса шығады.
Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Толып жатқан тісі бар,
Ағашпенен ісі бар.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Бір ұшақ бар кіші,
Мінбейді еш кici.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Үстіндегі көйлегі
Түрлі-түсті не керек,
Қызықтырар көргенді.
Мұның аты.......Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Аяғы бар басы жоқ,
Тұлғасы бар қарны тоқ
Екі жақтау қорғаны,
Ол болмаса сорлады.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Аяғы, тұлға, басы бар,
Сыртында сауыт тасы бар..
Тағамға ұқсас атауы,
Шешуін оның табыңдар.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Гүлден гүлге қонады, ара емес,
Ақ, сары боп бау-бақшаға сән береді.
Ол не?
Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Бір нәрсе өзі молда, өзі жорға,
Құрады жібек ауды оң мен солға.
Тартқанда машинасын оң мен солға,
Табады қаражатын сонда зорға.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Тырау-тырау тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал,
Ол не балалар?Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Өзі кілем түріндей,
Құдды қырдың гүліндей.
Гүлге қонса кетеді,
Айырмасы білінбей.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Жапырақ жеп сілекей шығарады,
Сілекей жасын шығарады.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Көк төбеде көп болды,
Топырақ жалап тоймайды,
Несібесі неден жоқ болды.
Жетеу еді бедері,
Он төрт еді аяғы,
Балалықтан айтып жүрген
Жұмбақ еді баяғы.Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі