Бұл бөлімде техника мен көлік туралы жұмбақтар жинақталған. Қазіргі заман заттары туралы сұрақтар балалардың қызығушылығын арттырады. Мұндай жұмбақтар зейінді және логикалық ойлауды дамытады. Жауаптары бірге ұсынылған.
Жеген асы шығады желкесінен.Сүргі
Төбесінде өмір бақи төбелес,
Төзіміне оның ешкім тең емес.Темір төс
Екі езуі құлағына жетеді.
Тамақ жесе ызың-ызың етеді.Ара
Жалпақ желке, сопақ бетті
Орманымды отап кетті.Балта
Сыңар құлақ батыр
Шылым тістеп жатыр.Іскенже
Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен-ақ басы айналды.Электросчетчик
Құйрығы інге кірсе,
Беті өртенген.
Шегіне шегі тисе,
Қатер төнген.Электроплитка
Апам үшін қам жеген:
Тозаң жұтып, шаң жеген.
Жатыр үйде айдаһар,
Ондай мешкей қайда бар?
Шаңсорғыш
Жүріп кетсе жүйрік бір
Лып-лып етіп ойнаған.
Кереметі:
Құйрық бір
Құтаймай-ақ қойды оған.Ине
Аяғы бар жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді.Бағдаршам
Пырылдап көкте инелік,
Инелік емес үй делік.
Тікұшақ
Бұл тұлпар су ішпейді
Жем жемейді.
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.Автобус
Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет.Тікұшақ
Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер.Бит
Ақпараттарды шығарады,
Бұл құрылғы қалай аталады?Баспа құрылғысы, принтер
Төртбұрышты әйнек
Тұнып тұрған әлем.Монитор
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын
Ең қажетті құралмын.Компьютер тышқаны
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.Бағдаршам
Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.Жол
Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.Бағдаршам
Техника мен көлік туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.
Техника мен көлік туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі