Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.
Көкке қараған, жұлдыз санаған.
Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады.
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.
Қалпақты жымырады,
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады.
Бір қыры- балта,
Бір қыры –балға.
Ағашты шапқан,
Шегені қаққан.
Азулы хайуан- темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер.
Ізі бар, адымы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Хайуанға екі аяғын арта салып,
Келеді әнін шырқап баяғының.
Теріден қуыстап,
Аузына ағаш сап қайыған.
Қарашы дұрыстап,
Іші толған сайман.
Ә дегенше тап береді,
Тап бергеннен қақ бөледі.
Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір із түсті.
Бір денені екіге,
Бөліп тастар бұл күшті.
Қыста демалып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды.
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңдайға!» - дейді.
Тетіктерін игеріп,
Алсаң тілін үйреніп.
Ұшырады аспанда,
Алып қанат «инелік».
Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
Төрт аяғы дөңгелек
Қозғалады орнынан,
Жүреді ол дөңгелеп,
Жүйіткиді желменен,
Дауысы бар гүрілдек.
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ: «Тоқта!» «Жүр!» – дейді.
Төрт аяқты чемодан,
Мүйізі бар қадаған
Естімейді, сөйлейді,
Ішіндегі көп адам.
Еңкейіп барып
Асап алады.
Шалқайып қалып
Шаша салады
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі