Техника мен көлік туралы жұмбақтар – 7-бет

Бұл бөлімде техника мен көлік туралы жұмбақтар жинақталған. Қазіргі заман заттары туралы сұрақтар балалардың қызығушылығын арттырады. Мұндай жұмбақтар зейінді және логикалық ойлауды дамытады. Жауаптары бірге ұсынылған.

Бұл 7-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар


Қос жағы бар,
Бір сабы бар.
Бассаң тілін,
Сарт етіп жабылар.

Қақпан


Сояудай әр тырнағы,
Шөпті жияр қырдағы.

Тырма


Басы — қылыш нұсқасы,
Сабында бар тұтқасы.

Шалғы


Қылышты өткір шайқадым,
Қырдың шашын жайпадым.

Шалғы


Көп-ақ тісі,
Күні бойы шөп жесе де
Шықпайды іші.

Орақ


Айға ұқсас түрі бар,
Қатар өскен бірі бар.

Орақ


Алақандай жоным бар,
Үстіне сап соғыңдар,
Жалыннан ап шалқыған,
Сом темірді балқыған.

Теміртөс


Қалпақты шымырды,
Төбесінен ұрады.
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады.

Балға


Басы — құрыш,
Сабы — шырыш.

Балға


Үшкір қазық,
Дөңгелек қалпақты,
Біріктірер бөлекті.

Шеге


Аяғы үшкір,
Басы доғал.
Ұрсаң шөгеді,
Ұрмасаң обал.

Шеге


Есіктегі құлыпқа,
Ұя жасау — өнерім.
Шаңырақтан уыққа
Үңгір қазып беремін.

Қашау


Болат түкті,
Көсеу мықты.
Тозаңдатып,
Темірді үкті.

Егеу


Кедір-бұдыр тақтайды,
Тегістейді тілімен,
Жеген асын татпайды,
Шығар желке Түбінен.

Сүргі


Табанында тілі,
Жалап өткен жерінің,
Болмайды міні.

Сүргі


Сабы бар жұмыр,
Еріні мықты.
Шегені шымыр,
Суырып шықты.

Кемпірауыз


Мойны жар бермей,
Желкеден қыса бастайды,
Жөнге жүрместі,
Сереңдетіп жұлып тастайды.

Кемпірауыз


Күші білінбес жүзінен,
Қақ бөлінер әйнегің,
Сызып өткен ізінен.

Алмас


Ағаш көрсе қышынар,
Сояу-сояу тісі бар.

Ара


Маржан тісі ақсиып,
Ызылдап ән шырқады.
Көк тіреген қақшиып,
Қарағайды қырқады.

Ара

Техника мен көлік туралы жұмбақтар туралы

Бұл бөлімде Техника мен көлік туралы жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Техника мен көлік туралы жұмбақтар деген не?

Техника мен көлік туралы жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Техника мен көлік туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.