Құлыптың аузын ашатын да,
Құлыптың аузын жабатын да құралмын.
Бірақ, бірақ бұл жерде,
Музыка әлемін ашамын.
Жеті торғай бес сымға,
Қонақтап кеп тынығар,
Жетеуінің ұқсамас,
Жеті түрлі жыры бар.
Сызылған үні,
Әдемі тілі,
Үрлесең ойнайтын
Аспаптың бірі.
Ансамбльге сылдырлап,
Қоңыраулатып үн қосты,
Тыңдаған жан елітіп,
Мейірлене үн қосты.
Ішекке ысқыш тисе болды,
Әлем сырлы әуенге толды.
Екі желі –
Күйдің көрігі,
Әннің көлігі.
Көннен түбі, қақпағы,
Қаудырай ма, нетеді?
Екі жеңіл тоқпағы
Ербең-ербең етеді.
Жансыздан жалғыз шыққан боз арғымақ,
Арқаны бар арқасында жұмақ-жұмақ.
Ер ерттеп, екі айылын тартып алып,
Қамшыласа кетеді зулап-зулап.
Мініп ап боз жорғаны күйге салдық,
Мойнына қатар-қатар түйме салдық.
Он жігіт жол бойында қызмет етеді,
Құбылып неше түрлі әнге салып.
Салдырдым екі жорға жалтыр мұзға,
Он жігіт қызмет қылып жалғыз қызға.
Күніне жалғыз бекет жерді аралап,
Он жігіт тынығады әрең сонда.
Қос қазық екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған.
Жоқтан бар қып сайратқан,
Тыңдаған жан жай тапқан.
Таңғажайып бір нәрсе,
Үйдің ішін жайнатқан.
Қояды әркім оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
Басы бар денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Көңілге түрлі ой салар.
Сексен сегіз тілі бар,
Сан құбылған үні бар.
Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап?
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?
Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.
Иiр-иiр құбыр,
Үрлесең бұлбұл.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі