Уақыт туралы жұмбақтар – 5-бет

Бұл бөлімде уақыт туралы жұмбақтар жинақталған. Сағат, күн, ай, мезгілдер туралы сұрақтар балаларға уақыт ұғымын жақсы түсінуге көмектеседі. Қызықты әрі танымдық тапсырмалар ұсынылған. Әр жұмбақтың жауабы бірге берілген.

Бұл 5-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар


Үш жүз алпыс алты анасы,
Қырық сегіз болар баласы.
Он сегіз бөлек ұясы,
Ішінде екі ақ жұмыртқасы.

Жыл,бір жылдағы апта,күн,ай


Үш жүз алпыс бес шығыршық,
Қырық сегіз тығыншық,
Аққу жылына екі рет балалайды.

Үш жүз алпыс бес күн,қырық сегіз жұма,екі айт


Ойдан шықты бұл жұмбақ,
Ойшыл ерлер ойлан тап.
Өзгермейді өзінен
Бұл жаһанда бір дарақ.
Ол дарақтын бойында
Дәл он екі бар бұтақ.
Бұтақтардың басында,
Үш жүз алпыс жапырақ.
Жапырақты қарасақ,
Бір жағы қара, бір жағы ақ,
Бұл жұмбақты кім шешсе,
Болсын дейміз жасы ұзақ.

Жыл он екі ай,үш жүз алпыс күн, күн мен түн


Бір жайын тынбай жүзер дөп-дөңгелек,
Ұясы үш жүз бес, алпыс, бөлек-бөлек,
Сөткеде жиырма төрті жұмыртқалап,
Ақ,қара қанаты бар бір көбелек.
Тағы да нұрға толмақ асыл шөлмек,
Таусылып алмағайып қайтып келмек,
Әлемде алты арыстан ысқырғанда,
Жиылып құрт-құмырсқа бәрі де өлмек.
Айтуға сонда қиын болғанмен де,
Тұрады барлығын да заңы билеп.

Бір жыл,үш жүз алпыс бес күн, жиырма төрт сағат, бір ай


Үш жүз алпыс бес жасадым болып жуан,
Қырық сегіз қызды болдым бір алуан.
Қатар өскен бар менің он екі ұлым,
Бір ұлым бар олар да ерек туған.

Бір жыл, қырық сегіз жұма,он екі ай,бір ай

Уақыт туралы жұмбақтар туралы

Бұл бөлімде Уақыт туралы жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыт туралы жұмбақтар деген не?

Уақыт туралы жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Уақыт туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.