Бұл жинақта еңбек құралдары туралы жұмбақтар берілген. Тұрмыстық білімді арттыруға көмектеседі.
Бір құс бар қанатын,
Жел тұрса қағатын.
Аттамай бір адым,
Тапжылмай тұратын.Жел диірмені
Ай сияқты имек,
Жазда көк шалғынға,
Жаудай тимек.
Қыста – сарайға,
Тастаймыз сүйреп.Орақ
Су көтерiп жүрiп келем,
Өзiм бiреуге мiнiп келем.Иiнағаш
Бір алыпты мен көрдім,
Көрінгенді қармаған.
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.Шөп тырма
Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.Сыпырғыш
Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.Балта
Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.Балта
Бір жансыз табылады адамзаттан,
Іні бар жырақ қана кіріп жатқан.
Арқасы інге кірсе көрінбейді,
Ғажайып іс табылар осы заттан.Пышақ
Алдын айпар,
Жанын жайпар.Шалғы
Дүниеде бір құжыра көресің бе?
Жалғыз көзі көрінер төбесінде.
Өзіне барған мақлұқ құр қайтпайды,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.Құдықтан су алу
Бақ ішінде жылан жатыр,
Айналасын шылап жатыр.Шланг
Ағаш арық, тұйық арық:
Жылқылар жүр жиі барып.Науа
Қара жерді қопарған,
Трактордан от алған.
Темірлерден түйілген.
Болаттардан иілген.Соқа
Ескегі бар -
Жүзбейді,
Ұшудан үміт үзбейді.Жел диірмен
Бір сүйем ғана ұсқыны,
Елпектетер күштіні.
Бір-екі құлаш бауы бар,
Не екенін табыңдар?!Мұрындық, бұйда, бас жіп
Еңкеймесе екі бетін кір басар,
Еңбектенсе екі беті нұр шашар.Кетпен
Бүйірі тесік жолмен,
Биікке шықтым.Саты
Албыр-жалбыр бір тамыр.Көген
Қолы төрт, аяғы екеу, белі бір кез,
Ешнәрсе оған тура келмейді кез.
Қолына түскен жанды жібермейді,
Оншама кетпейді де, жүгіріп тез.
Шідер
Пышақ емес, біз емес, кетпен емес,
Шот емес, темір емес, сабы бар.
Саптағанның жаны бар,
Тұтамнан асқан сабында,
Жалғыз-ақ бау табылар.Бұйда
Барады да барады,
Теңгедей жерді алады.Таяқ
Бойы түйедей,
Ізі түймедей.Таяқ
Басқан жері бармақтай,
Аттаған жері атандай.
Таяқ
Бір нәрсе иілмейді күйеу дейін,
Болады қанша жанға сүйеу дейін.
Бармақтай басқан ізі сол хайуанның,
Басады аттап-аттап түйе дейін.
Таяқ
Мәулім-мәулім бастан,
Орта мәулім төстен,
Құлама ет құйрық ұстайды,
Ең жаманы бақай ұстайды.
Аттың жүгені, айылы, құйысқаны және тұсауы
Желе-желе, желе келе,
Қамқа тонын піше келе,
Қандан суын іше келе.Қамшы
Жансыздан алты жігіт дос болыпты,
Бөгдеден біреу келіп еш болыпты.
Мұрнын тесіп өткізіп тұйық бұйда,
Жетектеген адамдар хош болыпты.Қамшы
Бір қыздың жүз жиырма түймесі бар,
Бес аспап дөңгелексіз күймесі бар.
Құдайдың құдіретін қарап тұрсаң,
Астында төсек, үстінде көрпесі бар.Күмістелген ер-тоқым
Бір нәрсе бес бөгенді, тиегі бар,
Темірден салбыраған иегі бар.
Болғанда бірі қолда, бірі белде
Адамға әрқашанда керегі бар.Жүген
Бір нәрсе бес буынды тиегі бар.
Темірден салбыраған иегі бар,
Болғанда бірі қолда, бірі белде
Адамға, атқа да керегі бар.Жүген
Жүгіріп келе жатып,
Шақшам түсті.Таға
Білесің ғой жарты айды,
Міне осындай төрт айды.
Екі он екі шеге геп,
Қойды тасқа шегелеп.
Таға
Аяғыңнан алады,
Көтеріп жерден салады.Үзеңгі
Тептім, терекке шықтым.Үзеңгі
Кішкене ғана тостаған
Лақтырып мені тастаған.Үзеңгі
Отырғаным оба жер,
Басқаным бақыр шанақ.Үзеңгі/Үзеңгі
Таппақ, табыспақ,
Тай үстіне жабыспақ.Құйысқан
Ұзын еді кестім,
Жуан еді жондым.
Құдай мұндай қылар ма,
Отыруға ыңғайлы болар ма?Ер
Ұзын еді кестім,
Қысқа еді керттім,
О қылдым, бұ қылдым,
Көтіңе үлгі қылдым.Ер
Отырса аттан биік,
Тұрғанда аласа.
Ойлап көріңіз,
Бұл не деген тамаша?Ер-тоқым
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі