Бұл бөлімде шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар ұсынылған. Еңбекке қатысты заттарды тануға арналған қызықты сұрақтар берілген. Мұндай жұмбақтар балалардың тұрмыстық білімін кеңейтеді. Жауаптары бірге көрсетілген.
Бұл 3-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Құдық
Аттан биік, иттен аласа.Ер-тоқым
Бір нәрсе екі аяқты, бөксесі жоқ,
Қолы бар, белі нәзік, кеудесі жоқ.
Тамаша ұстағанын жібермейді,
Әркімнен қуаты артып, көңліне тоқ.Шідер
Жәндікке барып жабысар,
Асаумен де алысар.
Бағыт сілтеп адамға
Көмекші болып алысар.Жүген, ноқта
Алдында екі аяғы,
Артында бір аяғы.Шідер
Балдыр-балдыр басынан алыпты,
Тәңірберген тамағынан алыпты,
Құдайберген құйрығынан алыпты,
Ең мықтысы белінен алыпты.Жүген, сағылдырық, құйысқан, тартпа
Бір нәрсе бес буынды, тиегі бар,
Темірден салбыраған иегі бар,
Болғанда бірі қолда, бірі белде,
Адамға әрқашанда керегі бар.Жүген
Екі темір, бес ілгек,
Ортасында селкілдек.Жүген
Отырған жері ой-шұңқыр,
Басқан жері бай-шұңқыр.
Алдымда қылқан,
Артымда қылқан.Ер, үзеңгі, аттың жалы, құйрығы
Тұтам ағаш тау жайлаған.Мұрындық
Ұзыны ұзын жатқан,
Балалары түзу жатқан.Мәтке
Ойдым-ойдым, ойдым жер,
Ойдым жердің шөбін жер.
Жабағылы көк қойды,
Жалбыратып қасқыр жер.Қырықтық
Алғашқы темір саптаған,
Жұқартып ептеп баптаған.
Керек қылар диқаншы,
Нағыз керек кезінде,
Сат десең де сатпаған.Кетпен
Жұмылмайтын жұдырық,
Бүгілмейтін білек.Күрек
Бір дәу жалғыз тұрып қарғылдайды,
Қызметін екі жендет бар қылады.
Ысқырып қызыл жалын шыға келсе,
Келдекпен бір-ақ ұрып дал қылады.Күрек
Төрт мүйіз, бір құйрықты,
Тындырады бұйрықты,
Көктен бөрік киеді,
Көктен таулар үйеді.
Айыр
Бір бұтақ,
Бір бұтақта
Төрт бұтақ.Айыр
Болғанда басы біреу, көпті тісі,
Сабақтап есіп қойған өткір ұшы.
Ертеден шөп жесе де бір тоймайды,
Томпайып көрер көзге шықпайды іші.Орақ
Боз атым кетті қамшылап,
Тұра алмас оған жан шыдап.
Кіреді де шығады,
Басынан суы тамшылап.
Қауға шелек
Бір құс бар басы төмен бауы аспанда
Көзінен жас ағады тау асқанда.
Өзінің аңдып тұрған бір жауы бар,
Кетеді іліп-алып жанасқанда.Қауға шелек
Қырық кез оқ,
Қарағай садақ,
Қырық дуадақ,
Бір арықтан су ішеді.Шығыр
Бұл бөлімде Шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.
Шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі