Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар берілген. Танымдық сұрақтар балалардың есте сақтау қабілетін және сөздік қорын дамытуға көмектеседі. Әр жұмбақ қарапайым әрі қызықты түрде құрастырылған. Жауаптары бірге көрсетілген.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Жаңа жұмбақтар


Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік.

Тіс



Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігер де тыңдайды.

Жүрек



«А» мен «қ»-ның арасы,
Бір-ақ әріп, санашы!
Онсыз аттап жүре алмас,
Адамзаттың баласы.

Аяқ



Бір дария жерде де емес, көкте де емес,
Болғанда түбі терең, аузы кемеш,
Ішіне ит түссе де арам емес.

Адамның көзі



Бір таудың алпыс екі саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша, түрлі өсімдіктер,
Барлығын біліп тұрған анасы бар.

Адамның алпыс екі тамыры, он екі мүшесі



Қолымда он жүзігім ал шығармай,
Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт торы, екі сала жұмбағым бар,
Мұны тапқан мені алсын мал шығармай.

Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі



Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол таудың ортасында екі өзен.
Астында бұлағы бар, алды кезең.
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,
Адамзат көргенің жоқ ондай өзен.
Сол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.

Адамның басы, беті, аузы, тісі



Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.

Көлеңке



Екі жар бірін-бірі шамалаған,
Тал шығып жағасында сабалаған.

Кірпік



Ақ күшігім арбадан қарғып түсті.

Түкірік



Жайлаған бір көшеде отыз бөрі,
Он жігіт сол бөрінің қызметкері.
Сайраған ортасында жалғыз қызы,
Бүркейді оның бәрін екі тері.

Отыз тіс, тіл, он саусақ, екі ерін



Он атты, он жаяу, қырық найзалы,
Қыздың сөзі пайдалы.
Асыққаның аяңдай тұр,
Асықпасаң бір-біріңе таялмай тұр.

Аяқтың, қолдың саусақтары, қабырғалар және тіл



Айдын көлде асыл тас,
Ау салса да алынбас.

Тіс



Жиырма баласы бар төртеуара,
Бірі ұзын, бірі қысқа дара-дара.
Қандайлық іске қоссаң ерінбейді,
Білімпаз мамандығы болған сара.

Аяқ-қол, саусақтар



Бір тауды мекен еткен отыз бөрі,
Он кісі, отызының жұмыскері.
Сол таудың ортасында бағлан қозы,
Масайрап секіреді әрі-бері.

Тіс, саусақ, тіл



Жаламада жалғыз тұяқ.

Кіндік



Ағайынды он батыр,
Екі айыр жолда тұр.

Екі яқ, он башпай



Отыз екі пышақтың
Ортасында бір ат тұр.

Тіс пен тіл



Төбеде қос қалқаным,
Әлемнен үн тартамын.

Құлақ



Оймақтай қос көл жатыр,
Ортасында бел жатыр.

Көз бен мұрын


Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар туралы

Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар деген не?

Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.

Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері