Түп нұсқасы –
Халық аты.
Екі шеткі әрпін қысқартса –
Қазақтың қарты.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Жүздесесің,
Үлкенге де, кішіге.
Үнсіз күтсең,
Құрметсіздік ісі де.
Құрметіңді сезіндірер кісіге,
Не екенін білесің бе түсіне?!Санаты: Әдеби жұмбақтар
Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Қашық жердің сәлемін,
Тез-ақ алып келемін.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Абылай айтқан жұмбақ,
Тоғай толған жұмбақ,
Біреуін бірі өлтірді,
Ақылды кісі шешкен жұмбақ.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Көзі — төбесінде,
Көлі — түбінде.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Ұшып түсер күн бiтсе,
Жоғалады жыл бiтсе.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Қашық жердiң сәлемiн,
Тез-ақ алып келемiн.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Жаңалықты
Үн-түнсiз таратады,
Барша жұртты
Бiр өзiне қаратады.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Мөлдiреп жатқан қос көлге,
Шыныдан тұттым қос перде.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Өзi сырық,
Басқан жерi құдық.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Әжем бұрымын,
Қазыққа кередi.
Жылжытам деп алға,
Қылышпен передi.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Бесiкке iледi,
Әнiн де,
Дәмiн де,
Сәбилер бiледi.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Күндiз шырақтай,
Тұрады түгел жадырап.
Түнде, бiрақ та,
Түндiгi жабық шаңырақСанаты: Әдеби жұмбақтар
Шаруасы әр салалы,
Он екi балалы,
Бәйтеректей атам бар.
Әр баласың
Отыздан серiгi,
Өзiне лайық көрiгi бар.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Жартысы
Жадыратып нұр себедi,
Қалғаны
Қара мақпал бүркенедi.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Мөлдір судың түбінде қиял қабық,
Үміттенер қалың жұрт қиялданып.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Көлденең ілген ақ таяқ,
Тұтанар отпен жақпай-ақ.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Есімінде екі сөз бірігіпті,
Балалар бірін ұқпай, бірін ұқты.
Ақпанда Арқа жақтан барған кісі
Бұл қала тұрған маңда жылыныпты.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Алаудай туымыздың түсіменен
Есімін бұл қаланың мүсіндеген.
Күрішті, ырысты деп және айтамыз,
Ұл-қызы атына дақ түсірмеген.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Жетісу мен Арқаның арасында,
Сынаптай көлбеген көл жағасында.
Орналасқан қаланың есімі де
Көл аттас, ойлансаң, сен, табасың да?Санаты: Әдеби жұмбақтар
Тауы жоқ маңайында, қырат бәрі,
Бұл қала тау есімді бірақ тағы.
Қорытқан шойын, болат домнасының
Табысы тау міндетін тұр атқарып.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Аты оның тәтті жеміс есіміндей,
Жемісі халқының мол несібіндей.
Білмесең бұл қаланы, онда сенің
Қалады қателігің кешірілмей.Санаты: Әдеби жұмбақтар
Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ..
Шапса, жұбын жазбайды,
Бір-бірінен озбайды.
Санаты: Әдеби жұмбақтар
Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?....
Санаты: Әдеби жұмбақтар
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі