Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Үй заттары туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде үй заттары туралы жұмбақтар берілген. Тұрмыстық бұйымдарға қатысты қызықты сұрақтар арқылы балалар заттарды тезірек таниды. Мұндай жұмбақтар сөздік қорды байытып, ойлауды дамытады. Әр жұмбақтың жауабы бірге көрсетілген.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Жаңа жұмбақтар


Арқасында азығы,
Бауырында қазығы,
Күнде шүлен тарқатар,
Оның неден жазығы?

Үстел



Төрт келінге бір орамал.

Үстел



Дөңгелек айналасы, үсті тегіс,
Табылар тарапынан түрлі жеміс.
Төртеуі ағайынды тату екен,
Олардан аулақ жүрер ұрыс-керіс.

Үстел



Басы жоқ, төрт аяқты, жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ, бейне бір ат.
Жүк артсаң әсте белі майыспайды,
Құйрық-жалсыз бұл өзі не қылған зат.

Үстел



Бір нәрсе су ішінде болды пайда,
Дарияға оны алатын дәурен қайда.

Айнадағы сурет



Үстінен ажырамас ағаш енді,
Қарасаң күлкісіне тамаша енді.
Сұлулық, көркемдікке әуес болған,
Адам менен өзі жүрер таласа енді.

Айна



Көлеңкесін көріспек,
Көріп тұрсаң күліспек.

Айна



Сүңгідім суға қарап етпетімнен,
Артыма бір қарадым кеткенімнен.
Әлгі су сүңгіп кеткен мұз боп қатты,
Тағы да шығар-шықпас еркі өзімнен.

Айна



Күнде оған қараймын,
Қара шашым тараймын.

Айна



Бір дария жерде емес, көкте де емес,
Дарияның аузы көмеш, түбі төгеш.
Суының мөлдірлігі таңқалғандай,
Ішіне ит түссе де арам емес.

Айна



Әрі отыр ләйлім құс,
Бері отыр ләйлім құс.
Көлеңкесі күмістен,
Күліп тұрған ләйлім құс.

Айна



Алдыма келіп бір сағым,
Көрінді менің көзіме.
Бұл қалай деп сенбеп ем,
Дәл келтірді өзіме.
Байқап тұрсаң бір ғажап,
Аждаһадай тұлғасын,
Сиғыздыра әкелген
Алақандай көзіне.

Айна



Егіз екі қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді ,
Біреуі жанды, біреуі жансыз.

Айна



Адамды тартып алар көрсе өзі,
Мелшиіп қарап тұрар болмай сөзі.
Жанына барған кісі екеу болар,
Бетіне түртіп қалсаң шығар көзі.

Айна



Бір көл бар, мөлдір емес, лас емес,
Ішіне ит түссе де арам емес.

Айна



Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе.

Айна



Табан-табан, табан-ай,
Табаны жалпақ қоян-ай,
Көлеңкесі күмістен,
Күліп тұрған қоян-ай.

Айна



Кішкентай ғана мінтас,
Алып ұрсам сынбас.

Тұтқыш



Аяғы жоқ , қолы жоқ,
Көйлегі көк, қарны тоқ.

Жастық



Керегенің басында
Мақпал қоржын.

Тұтқыш


Үй заттары туралы жұмбақтар туралы

Үй заттары туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Үй заттары туралы жұмбақтар деген не?

Үй заттары туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.

Үй заттары туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері