Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлидыСанаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шым - шытыр,
Шидай қотыр.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Өзі бел астында,
Көзі жер астында.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аты да көк,
Заты да көк.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады.
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті.
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі