Бұл бөлімде табиғат туралы жұмбақтар жинақталған. Табиғат құбылыстары, қоршаған орта және табиғатқа қатысты қызықты сұрақтар берілген. Жұмбақтар балалардың танымын кеңейтіп, табиғатты түсінуге көмектеседі. Әр жұмбақтың жауабы бірге ұсынылған.
Зәулімде тұрағы,
Тіреусіз тұрады.Бұлт
Күндіз шырақтай,
Тұрады түгел жадырап.
Түнде, бірақ та,
Түңдігі жабық шаңырақ.Жарық пен қараңғы
Түсі бар көрінбейтін,
Біртұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тірліктің,
Ешқашан жерінбейтін.Ауа
Күн көзінен құйылады,
Жер бетіне жиылады.
Құшақ ашып барша тірлік,
Қуанады, сыйынады.Нұр
Терезеден есіледі,
Қараңғыны көшіреді.Сәуле
Жыл мезгілі шуақты,
Жердің беті нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өсті ырғалған.Көктем
Алып кілем —
Гүлге толы
Үсті кілең.Жер
Күнді айналып қозғалады,
Артында жарық жол қалады.
Құйрықты жұлдыз
Мөлдір көкте бір ғана,
Шоқтай жайнап тұр дара.Шолпан
Көк жүзінде ай батқан,
Жолақ жатыр,
Аумаған
Төгіп алған қаймақтан.Құсжолы
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді.Жұлдыз
Жылт-жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.
Жұлдыз
Көк төрінде жоғары,
Ілулі тұр атамның
Сапталмаған орағы.Ай
Бейнесі суда дірілдейді,
Қармаққа бірақ ілінбейді.Ай
Екі доп ауысты,
Бір шеңберді тауысты.Күн, Ай, Тәулік
Күн мен түннің кеңдігін,
Жер шарының ендігін,
Қақ бөліп тұр тепе-тең,
Жұмыр жердің белдігі.Экватор
Мекені көкте екі ару,
Бір-бірін көруге зәру.Күн мен Ай
Әлемнің бар екі күзетшісі;
Бірі — күндіз тынығады,
Бірі — түнде тынығады.Күн мен Ай
Жайғаным түкті кілем,
Ілгенім — тықыр кілем.Жер мен Аспан
Тіршілік аусар тек,
Ұстасаң қауқар жоқ,
Айналам қоршау көк,
Одан асқан кәусар жоқ.Ауа
Табиғат туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.
Табиғат туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі