Өлең, жыр, ақындар


Әуеде ақ мамық
Қалбалақтап ұшады,
Қанаты талып,
Жердi барып құшады.

Қар



Ақ құмалақ шашылды,
Жан-жаққа бірдей боп.
Күн көзi ашылды,
Жер қапты жұрдай боп.

Бұршақ



Дауыл ақ дән ұшырып,
Шашып өттi аспаннан.
Шекемiздi iсiрiп,
Қаштық үйге сасқаннан.

Бұршақ



Шашылды көктен ақ моншақ,
Жоғалды бiздер тапқанша-ақ.

Бұршақ



Аспанды от қамшы осады,
Ащы үнiн ышқынып қосады.

Найзағай



Жаңбыр жуды жерiмдi,
Көкте өрмек керiлдi.

Кемпiрқосақ



Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөктi бар алап.
Көкте түрлi жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат!

Кемпiрқосақ



Келiстiрiп өрнегiн,
Құрып қойды өрмегiн.

Кемпiрқосақ



Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгiлдi.
Бусанып жон-алап,
Терледi, керiлдi.

Жаңбыр



Будақ түтiн түсi аппақ,
Көк жүзiне тұзақтап,
Қойғандай-ақ жылжымай,
Тауды өбедi құшақтап.

Ақша бұлт



Бiрде – селдiр жабағы,
Бiрде – теңбiл жабағы.

Бұлт



Көшiп жүрiп желменен,
Сеуiп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген.

Бұлт



Қара алып жарқыратып,
Жасын атып, күркiрейдi.
Суды сайға сарқыратып,
Демi шөптi сiлкiлейдi.

Бұлт



Етек-жеңi жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай,
Тұйдектелiп көшедi,
Тоз-тоз болып өшедi.

Бұлт



Дәу шүйкесiн,
Күн алды,
Көк теңiзге түсiрiп,
Шығарды да жұлбасын,
Жел әкеттi ұшырып.

Бұлт



Зәулiмде тұрағы,
Тiреусiз тұрады.

Бұлт



Ағаштарды шайқайды,
Көзге көрiнбейдi.
Шарлағанда сай-сайды,
Бiр сәт ерiнбейдi.

Жел



Ештеңеден қаймықпай,
Көздi арбаған өрнекпен.
Сурет салар айнытпай,
Шебер едi ол неткен?

Аяз



Түсi бар көрiнбейтiн,
Бiр тұтас бөлiнбейтiн.
Тынысы ол тiршiлiктiң,
Ешқашан жерiнбейтiн.

Ауа



Күн көзiнен құйылады,
Жер бетiне жиылады.
Құшақ ашап барша тiрлiк,
Қуанады, сыйынады.

Нұр


Пікірлер