Жалқаумен бір жүретін,
Құдды қармақ ілетін.
Жоламайды зерекке,
Сабақтарын білетін.Екілік
Басында аздың ақылы,
Селқостардың жақыны.Бірлік
Шәкірт кездегі,
Білімнің безбені.Баға
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
Әліппе
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.Кітап
Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Қажетпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпім де.Қағаз
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.Бор
Оқуыма төреші,
Тоқуыма төреші,
Парақтасам байқалар,
Білімімнің өресі,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесі.Күнделік
Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі.Парта
Былғанышты жақтырмайды,
Ол бар жерде дақ тұрмайды.
Бірақ тағы өз үстінен,
Таза бір жер таптырмайды.Сорғыш
Оқушыға күнде еріп.
Жүретін не?
Күнделік
Білім менен тәлім,
Парақты ашқанда
Беттерінен мәлім.Күнделік
Көкқұтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.Циркуль
Оқу-білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы.Сөмке
Бір санға өсірді,
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді.Сынып
Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар, шөбі жоқ.
Мұхиты бар, суы жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ.
Шыңдары да теп-тегіс,
Құмдары да теп-тегіс,
Кең жазықтан әр түсті,
Шығыс пенен батысты —
Бар Әлемді табасың,
Өзің таң боп қаласың!Географиялық карта
Елдері мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегіс тақтай-ды,
Өзені де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзің тауып ал.Карта
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.Сызғыш
Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе қабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамайсың түгін де.Желім
Денесі бар шыбықтан,
Темір тұмсық құдықтан,
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі.Қаламсап
Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар.Қоңырау
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.Қоңырау
Бар ойыңды жиямын,
Ақ қағазға құямын.Сия
Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде.Қаламсап
Ойларыңды аңсаған,
Асыл сөзді ақ алаңға,
Түсіруден шаршаған,
Мен емеспін әмәнда.Қалам
Қысқа таяқ діңі бар,
Шиырлаған ізінде,
Сайрап тұрар тілі бар.Қарындаш
Кішкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су ішіп құныққан.Сиясауыт
Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.Білім
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.Мектеп
Бір патша, екі уәзір бек байланды,
Әрқашан он батырды жауға алдайды.
Құдыққа жіпсіз салып бір адамды,
Бесеуі шығаруға ондайланды.Қол, екі көз, он саусақ, қалам, дәуіт
Үйіне мәңгі қайтпайтын,
Қонақтар түнде келеді.
Іздесе адам таппайтын,
Жаңалық айтып беретін.Газет-журнал
Әкеміз Ормамбет хан, біз немере,
Ойласаң ойға түсер әрбір неме.
Адамға тілсіз, жайсыз сөйлеседі,
Қолы жоқ, аяғы жоқ ол немене?Хат
Бір мақұлық бар тілі жоқ,
Сөйлегенде міні жоқ.Хат
Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.Хат
Алыстан үйде отырып, алдым хабар,
Формалап әрбір жерді бояу жағар,
Айлықпен анда-санда барған деп,
Тоқтамастан тана тағар.Хат
Болғанда айналасы, түсі қара,
Ілулі көпшілікке тұрған жаңа.
Бірде бар, бірде жоқ боп құбылып тұр,
Ақылым жете алмай жүр буған жаңа.Карта, тақта
Бір сирағы біз,
Бір сирағы салады із.Циркуль
Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көп көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.Карта
Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.Глобус
Ақ жерде қара тары,
Кім шашса сол орады.Жазу
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі