Өлең, жыр, ақындар


Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.

Жіліктің майы



Кішкентай құдығымның суы тәтті.

Жіліктің майы



Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.

Көже мен шөміш



Секірме тастың үстінде
Сексен қойдың ізі бар.

Леген үстіне жайылған құрт



Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті, елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі.

Қымыз



Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба
Уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.

Айран



Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.

Ана сүті, бес саусақ



Сылдыр сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?

Сүт



Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.

Қымыз, саба, піспек



Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?

Кесе, шай



Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?

Шай



Қазық басына қар тұрмас.

Жұмыртқа



Аппақ қана домалақ,
Жейді сыртын тазалап.

Жұмыртқа



Әуеде жұмсақ,
Отта қатты.

Жұмыртқа



Пісірсең ас болады,
Пісірмесең құс болады.

Жұмыртқа



Ашып қарасам аппақ,
Жеп қарасам тәп-тәтті.

Жұмыртқа



Есіксіз, түндіксіз отау.

Жұмыртқа



Аузы бітеу ақ отау.

Жұмыртқа



Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
Отыз күнде сол отау,
Айдалада жоқ отау.

Жұмыртқа



Ақ сандық айналадан тауып алдым,
Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым.

Жұмыртқа