Метаграммалар, сөз жұмбақтары, әріптік тапсырмалар

Бұл бөлімде Метаграммалар, сөз жұмбақтары, әріптік тапсырмалар бойынша қазақша жұмбақтар жинақталған. Қызықты және танымдық сұрақтар берілген. Әр жұмбақтың жауабы бірге көрсетілген. Мұндай тапсырмалар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.


«К»-деп егер бастасаң,
Шомыласың суына
«Т»-дан егер бастасаң,
Төрт түліктің баласы
«Ш»-дан егер бастасаң,
Жазда аунайсың құмына.
«С»-дан егер бастасаң,
Ақ қайыңнан аласың

Көл –Төл – Шөл - Сөл


Метаграммалар

──────── 1 ────────
«Ш»-дан бастап жазғанда,
Шай қайнатып аласың,
«Ш»-ны орнынан алғанда,
Терезеге саласың

──────── 2 ────────
«К»-ден бастап оқысаң,
Құс атауы, қарашы!
«Е»-ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы

──────── 3 ────────
Егер «И»-ден бастасаң,
Хайуанаттың түрімен.
«И»-ді алып тастасаң,
Әріптердің бірімін

──────── 4 ────────
Оңға қарай оқысаң да – бір халық,
Солға қарай оқысаң да – бір халық.
Бір буыным – құс,
Бір буыным – түс

──────── 5 ────────
«К»-деп егер бастасаң,
Шомыласың суына
«Т»-дан егер бастасаң,
Төрт түліктің баласы
«Ш»-дан егер бастасаң,
Жазда аунайсың құмына
«С»-дан егер бастасаң,
Ақ қайыңнан аласың

──────── 6 ────────
Сөз басында «Б» болса,
Бас киімің боламын.
Сөз басында «Ө» болса,
Жазда пісіп соламын

──────── 7 ────────
Егер «М»-ден бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»-ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын

──────── 8 ────────
Егер «С»-дан бастасаң,
Бір баласы қазақтың.
«С»-ны алып тастасаң,
Ең тәуірі ол, тамақтың

──────── 9 ────────
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала қалады

──────── 10 ────────
«К»-дан егер бастасаң
Түндей қара бір түспін.
«Ш»-дан егер бастасаң
Ернеуі кең ыдыспын

──────── 11 ────────
Алғашқы буыны – құс,
Соңғы қос әрпі – түс.
Екеуін қосып жіберсең,
Көл жағалап тік өсем

──────── 12 ────────
«Ү» тұрса қызып табаны,
Қыртысты жазып тегістер,
«Ү» түсіп қалса жаманы,
Құлама болар тегіс жер

──────── 13 ────────
Майысқақпын, нәзікпін,
Садақ болып иілем.
Соңғы әріп «Н» болса,
Қоқыстарға үйілем

──────── 14 ────────
Ұқсайтұғын жылқыға,
Қамыс құлақ көлікпін.
«К» орнына «П» қойсаң,
Ойлантуға берікпін

──────── 15 ────────
Шалқимын арнамда,
Ал бірақ тұрмаймын тесікте.
Алғашқы дыбысым өзгерсе,
Көкте ұшып жүремін

──────── 16 ────────
Кезерді ерінің,
Шөбі болмас жерінің.
«Ш» орнына «К» тұрса,
Өсімдіктің нәрімін

──────── 17 ────────
Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса,
Өлшеммін, дәуірмін

──────── 18 ────────
Қақ тіліп жотаны,
Қасқайып жатады.
«Ж» орнын «Қ» басса,
Адамнан табады

──────── 19 ────────
Сән берем әркімге,
Әріпті бастапқы сызсаң,
Жөн сілтер ұстазбын

──────── 20 ────────
«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Гүлге нәр болам

──────── 21 ────────
«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңістік

──────── 22 ────────
Шеге қағар шеберге,
Ең қажетті құралмын.
«Б»-ны өшірсең,
Жігер берер ұранмын

──────── 23 ────────
Қатты соғып жүрегім,
Қорқып жүремін.
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толам

──────── 24 ────────
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң,
Тағам болам

──────── 25 ────────
«Ж»-мен бастасаң,
Көрінеді бар маңым.
Өшірсең,
Су ағатын арна

──────── 26 ────────
Ақ бояуға қанықпын,
Бас әріп өзгерсе,
Жазық болам

──────── 27 ────────
Жасыл желек алабым,
Алғашқы әріп өшсе,
Әдепті боласың

──────── 28 ────────
Бойында өссем тоғанның,
Бір әріп қоссаң,
Үндемейтін адам болам

──────── 29 ────────
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесімін адамның

──────── 30 ────────
Тәтті дәм,
Қоссаң – суда жүзеді

Жауаптары:

1 Шәйнек-Әйнек, 2 Кекілік-Екілік, 3 Ит-Т, 4 Қазақ-Қаз-Ақ, 5 Көл-Төл-Шөл-Сөл, 6 Бөрік-Өрік, 7 Май-Ай, 8 Сайран-Айран, 9 Жаз-Қаз, 10 Қара-Шара, 11 Құрақ, 12 Үтік-Тік, 13 Шыбық-Шыбын, 14 Есек-Есеп, 15 Су-Бу, 16 Шөл-Көл, 17 Бақыт-Уақыт, 18 Жол-Қол, 19 Мата-Ата, 20 Қара-Ара, 21 Қала-Дала, 22 Балға-Алға, 23 Қоян-Ноян, 24 Қаз-Қазы, 25 Жарық-Арық, 26 Мақта-Тақта, 27 Сүлгі-Үлгі, 28 Жуа-Жуас, 29 Таяқ-Аяқ, 30 Бал-Ық-Балық


Ж-дан егер бастасақ,
Желбіреймін төбеңде
П-дан егер бастасақ
Сүйкімді аспын жегенде.

Жалау-палау


Ж әрпінен бастасақ
Жатарыңда керекпін.
Ж-ны алып тастасаң
Дүйім елге қорекпін.

Жастық-астық


"Қ"-дан бастап, аяқтасаң,
Бес әріпті думанмын.
"Қ" орнына "с" қойсаң,
Нүктелерді қосамын.

Қызық - сызық


Әуелгі үш әріп —
Дәмге нәр тілді үйірген,
Кейінгі қос әріп —
Мақтаның түсі үйілген.
Қосылса бес әріп —
Темір жіп созып иірген.

Тұз - Ақ - Тұзақ


Ешкіден көп табылса,
Түсі болам қойдың да.
Соңғы дыбыс жоғалса,
Ораламын мойнына.

Жағал - Жаға


«Ар» мен «ал»-ды қосқанда,
Судағы құрлықпын.
Алдына «М»-ны қосқанда,
Нудағы түлікпін.

Арал - Марал


Қуанғанда мақтанып,
Қол соғасың шаттанып.
Ең алдына «Қ» қойсаң,
Қолыңды өтер от қарып.

Алақай - Қалақай


Моншағы көп тізілер,
Шуағын төксе күліп күн.
Соңғы әріп «К» болса,
Әжем сынды кісілер,
Қолға тағар мүлікпін.

Жүзім - Жүзік


Ұнтағым бал, жерде өсем,
Бар халыққа әзірмін,
Соңғы «Н»-ді «М» десең,
Дастарқанда мәзірмін.

Дән - Дәм


Піскен жеміс қосымын,
Құстың жақын досымын.
«К» орнына «Ж» жазсаң,
Жамбыл ата жасымын.

Күз - Жүз


Ақтан көрпе жамыламын,
Көктемде сайға ағыламын.
Өзгерсе егер алғашқы әріп,
Жер қойнынан табыламын.

Қыс - Мыс


«Т»-дан бастап оқысаң,
Төлі болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын.

Тай - Ай


Екі сөзден тұрады,
Құстың аты — құрамы.
Сызсаң егер «Бір» сөзін,
Ас пісірем, көр өзің.

Бірқазан - Қазан


Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.

Мұз - Тұз


Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрам елге нұр төгіп.

Түн - Күн


Жазда өсіп, піседі,
Дәмі тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседі,
Жердің шаңын басады.

Қауын - Жауын


Шуақты мол төгемін,
Гүлге бөлеп беремін.
Бас әріпті өшірсең,
Көкіректі керемін.

Көктем - Өктем


Жайнаған жер үсті,
Мекенмін келісті.
Бірінші әріп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын.

Жаз -Қаз


Алғашқы буыным,
Көшті бастар ұлымын.
Сосын тоғай нуының
Жыртқышының бірімін.
Екеуін қоссаң ірімін –
Көп аңдардың дүрімін.

Жол - Барыс - Жолбарыс


Бір құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың,
Сая жермін,
Тұратын
Құстар әні естіліп,
Сөз соңына «А» қоссаң,
Сауық сайран құрамын,
Шалшық көлде кешкілік.

Бақ - Бақа


Сұйықпын да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын.

Су - Бу


Желбіретіп үкімді,
Сулы жерде жайқалам.
«Қ» орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып жай табам.

Құрақ - Тұрақ


Тәтті дәм үш әріп алғашқы,
Соңына қос әріп жалғасты,
Сен одан өзіңе табасың
Дауылдан қорғанар панасын.
Екеуі біріксе егерде,
Суда өсіп, жүзеді тереңде.

Бал - Ық - Балық


Құт дарыған қотанның,
Қаруымын шопанның.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесімін адамның.

Таяқ - Аяқ


Бойында өссем тоғанның,
Кіргізем дәмін тағамның.
Соңыма қоссаң бір әріп,
Үндемей жүрер адаммын.

Жуа - Жуас


Жасыл желек алабым,
Жыл маусымы боламын.
Алғы әріпті өшірсең,
Ең әдепті боласың.

Сүлгі - Үлгі


Ақ бояуға қанықпын,
Бағалымын, мамықпын.
Бас әріпім алмасса,
Төрт бұрышты жазықпын.

Мақта - Тақта


«Ж» әрпімен бастасаң,
Көрінеді бар маңым.
«Ж»-ны сызып тастасаң,
Су ағатын арнамын.

Жарық - Арық


Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.

Қаз - Қазы


Қатты соғып жүрегім,
Қорқып, үркіп жүремін,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар білегім.

Қоян - Ноян


Шеге қағар шеберге,
Ең қажетті құралмын.
«Б»-ны өшірсең егер де,
Жігер берер ұранмын.

Балға - Алға


«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңістік.

Қала - Дала


«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал.

Қара - Ара


Сән берем, әркімге, көңілге,
Ұқсаймын көктемгі өңірге.
Әріпті бастапқы сызса егер.
Жөн сілтер ұстазбын өмірге.

Мата - Ата


Қақ тіліп жотаны,
Қасқайып жатады.
«Ж» орнын «Қ» басса,
Адамнан табады.

Жол - Қол


Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса
Өлшеммін, дәуірмін.

Бақыт - Уақыт


Кезерді ерінің,
Шөбі болмас жерінің.
«Ш» орнына «К» тұрса.
Өсімдіктің нәрімін.

Шөл - Көл


Шалқимын арнамда – бесікте,
Ал бірақ тұрмаймын тесікте.
Алғашқы дыбысым өзгерсе,
Көкте ұшып жүремін, көшіп те.

Су - Бу

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.