«Т»-дан бастап оқысаң,
Төлі болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын.Тай - Ай
«Қ» әрпінің мәні көп,
Жарасымды сәні көп.
Бұл әріптен басталған
Сөздердің де саны жоқ.
Басталып бір әріппен,
Бітетін сол әріппен,
Кең даланың қожасы,
Таныс болғын халықпен.
Ол кім?
Енді таспа,
А-дан баста
Түнде тәтті түс көрдім.
…. қондым.
Босқа тоспа,
C-дан баста
Теремін деп бүлдірген
….. болдым.
Қалмай қоста,
Қ-дан баста
Ұзап кеткен өрісте
….. бардым.
Шетке қашпа,
Т-дан баста
Тойып қымыз ішіп ем,
….. келдім.
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі