Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Жұмбақтар жауабымен

Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Жаңа жұмбақтар


Әуеден ақ-сары құс ән салады,
Келгенде шабытына жан алады.
Өзгеше қылығына қарап тұрсаң,
Дымы жоқ тақыр жерден нәр алады.

Сары маса



Көзі бар, қанаты бар балық дене,
Сияқты зор тұлғалы алып кеме.

Кит



Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.

Кірпі



Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас,
Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас.
Бес-алты ай демалыста күн көреді,
Оншалық керек етіп жемейді ас.

Жылан



Екi ұшы бұлдырақтай,
Ортасы қылдырықтай.

Құмырсқа



Бiреуге найза түйрейдi,
Содан-ақ өзi күйрейдi.

Маса, сона



Буда, буда, буда жүн,
Будаланған шуда жүн.
Сыдырып қойған сұр таспа,
Қоңыр шолақ құнажын.

Тышқан



Жел-жел бием, жел бием,
Желiндесе кiм бiлер?
Жау жапырақ түбiнде
Құлындаса кiм бiлер.

Балық



Сап-сары болған түрі бар,
Шақылдаған үні бар,
Жер астында тынығар.

Саршұнақ



Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.

Диірмен, балық, қауын



Көзін жұмады,
Көзін ашады.
Сыбысын білдірмей,
Ақырын басады.

Мысық



Төрт аяқты шалғы
Орып кетер малды.

Қасқыр



Келеді бір перизат итке мінген,
Таяғын итке мініп итпелеген,
Артында ағараңдар ешкісі бар,
Ешкісін итке мініп жетелеген.

Қоян



Бұлаңдаған құйрығы –
Бір алдарлық қулығы.

Түлкі



Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.

Піл



Топырақ желді мініп, желді айдайды,
Болғанда түске жақын көлге айдайды.
Тамшыны жерден тамған керек қылып,
Топырақ өз-өзінен айқайлайды.

Жер – жылқы, тамшы – қымыз



Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.

Серке



Жамауы бар тігінсіз.
Киімі қалың жамылар.
Жыртығы жоқ, еш мінсіз,
Ала-құла тоны бар.

Ала мал



Даусы азанда,
Жақсылығы қазанда.

Бұзаулы сиырдың мөңірегені



Бiр тұтам, екi тұтам
Басы айыр жүндi тұтам.

Сирақ, бақайшақ


Жұмбақтар жауабымен туралы

Жұмбақтар жауабымен бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақтар жауабымен деген не?

Жұмбақтар жауабымен – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.

Жұмбақтар жауабымен кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері