Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 192-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,
Байлауынан бір босамас қызық ат.
Тіл
Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.Шалбар
![]()
Суреттен адамды тап
![]()
1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!Нәтиже үнемі 1 шығады.
![]()
Суреттен мысықты табыңыз
![]()
![]()
Бөлмеден баланы табыңыз
![]()
![]()
Бала қораға қарап нені армандап тұр?Көлікті армандап тұр
Альберт пен Бернард Шерилмен достасты. Достастқаннан кейін олар Шерилдің туған күнін білгісі келіп, одан туған күнін сұрады. Шерил оларға 10 вариант ұсынды:
15-Мамыр, 16-Мамыр, 19-Мамыр,
17-Маусым, 18-Маусым,
14-Шілде, 16-Шілде,
14-Тамыз, 15-Тамыз, 17-Тамыз.
Сосын Альбертке қай ай екенін, Бернардқа қай күн екенін айтты. Осыдан кейін Альберт пен Бернард арасында мынадай диалог болды:
Альберт: Мен Шерилдің туған күнін білмеймін, бірақ Бернардтың да білмейтінін анық білемін.
Бернард: Мен Шерилдің туған күнін білмейтін едім, енді білемін.
Альберт: Енді мен де білемін.
Шерилдің туған күні қашан?Берілгені 10 күн, күндер 14 пен 19 арасы. 18 және 19 тек бір ғана рет кездеседі. Егер, Шерилдің туған күні 18-і немесе 19-ы болғанда, Бернард қай ай екенін де сол мезет білуші еді.
Ал Альберт Бернардтың білмейтінін қайдан біледі?
Егер, Шерил Альбертке мамыр немесе маусым айында туылдым деп айтқан болса, оның туған күні 18-і немесе 19-ы болу ықтималдығы бар еді. Бұл жағдайда, Бернардтың білуі де мүмкін еді. Ал шын мәнісінде, Бернард білмеді, мұны бізге Альберт:
"Бернардтың білмейтінін нақты білемін" деп айғақтап тұр. Демек, Шерилдің туған айы мамыр және маусым айларында бола алмайды.
Бірінші Бернард Шерилдің туған күнін білмеді. Альберттің сөзінен кейін, ол қалай біле қойды?
Шілде мен тамыз айындағы берілген күндердің ішінде 14-і ғана екі рет кездеседі. Егер, Шерил Бернардқа оның туған күні 14-і деп айтқанында, Бернард Альберттің сөзінен кейін де қай ай екенін біле алмас еді.
Бернардтың, Альберттің сөзінен кейін туған айды дереу біле қоюы - 14-і емес екенін білдіреді. Демек, бізде 3 вариант қалады: 16-шілде, 15-Тамыз, 17-Тамыз.
Бернардтың сөзінен кейін Альберт те Шерилдің туған күнін біле қойды. Егер, Шерил Альбертке тамыз айында туылдым деп айтқанда,
Альберт біле алмаушы еді, өйткені 3 варианттың екеуі тамыз айына түседі.
Демек, жауап: 16-шілде.
![]()
Бір сіріңкені жылжытсаң теңдеу дұрыс болады.
![]()
Жеген сайын жылататын нәрсе?Таяқ
Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?Басы ең үлкен адам
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?Алма ағашында
Бір патша уәзіріне зынданнан бір тұтқынды алғызыпты. Тұтқынға өлім жазасын таңдау құқығын өзіне береді, бір тауық беріп, “осы тауықты қалай өлтірсең, сені де солай өлтіреміз” депті. Тұтқын тауықты өлтіргеннен кейін патша оны босатыпты. Тұтқын тауықты қалай өлтіріпті?Тұтқын тауықтың басын аузына салып, тістеп жұлып алады. Ал тұтқынның басы патшаның аузына симайтын болғандықтан патша тұтқынды босатып жібереді.
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?Адам
Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені бостамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?Тұтқын сорпаны ұрттағанда бір ұрттамы кеміген еді. Соны айтып бостандыққа шығады.
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?Өмір
Қай айда 28 күн бар?Барлық айда
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?Есіміміз
Адам есектен неге құлайды?Адам есектен жерге құлайды.
Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті-басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен?Шашы жоқ
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі