Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 186-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады.Жұлдыз
Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді.Бұлт
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлидыБоран
Шым - шытыр,
Шидай қотыр.Жұлдыздар
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.Ауа
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.Бұлт
Секіреді –
Бала емес.
Сақалы бар –
Шал емес.Серке
Доп пішіндес тасты
Бауырына басты.Жұмыртқа басқан құс
Жұмыр тасты төрт аяқ
Көтеріп тұр, көп таяп.Тасбақа
Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам?Тасбақаның сауыты
Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытадыБұғы
Таусылама, қарандар,
Табиғаттын қызығы?
Суық жақтағы жануар –
Бұтақ-бұтақ мүйізі.Бұғы
Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып.Аққу
Бір топ жынғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл.Қырғауыл
Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады.Тоқылдақ
Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар.
Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ,
Кететін зиян қылып бір жері бар.Жолбарыс
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді.Қасқыр
Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ.Есек
Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.Бүркіт
Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан.Жылан
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі