Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 185-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала.Түн
Төбесінде даланың
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі.Күн
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі?Бұлттар
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.Қар
Мұрат 100 км қашықтықтағы қалаға бару үшін машина жалға алады. Жарты жолға келгенде досы мінеді және қалған 50 км жолды екеулеп жүріп өтеді. Кешкісін кері қайтарда да бірге қайтып, досы мінген жерінен түседі. Мұрат өз қаласына жеткен соң машинаны өткізіп 24000 тг төлейді. Мұрат пен досы осы шығынды әділетті түрде бөлісіп төлеулері үшін қанша теңгеден шығаруы керек?Мұрат 200 км, ал досы 100 км жүрген болды. Демек жалпылама 300 км жол, 24000 теңгеге түскен болады. 24000/300=80 тг/км
Мұраттың төлейтіні: 200х80=16000 тг
Досының төлейтіні: 100х80=8000 тг
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.Күн
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.Күз
Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.Жаңбыр
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?Көктем
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.Қар
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілемЖер
Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер.Күн
Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.Аспан, жер
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.Көк, аспан
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне.Ай
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.Күн күркүреуі
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.Жел
Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады.Боран
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады.Найзағай
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады.Жел
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі