Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 180-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Мөлдiр көкте бiр ғана,
Шоқтай жайнап тұр дара.Шолпан
Айсыз түнде қараңғы,
Түнекте де боранды.
Бiр орнынан жылжымай,
Бағыт берер бұлжымай,
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетiп тұрады.Темiрқазық
Көк жүзiнде ай батқан,
Жолақ жатыр,
Аумаған
Төгiп алған қаймақтан.Құсжолы
Күндiз бiлiнбейдi,
Түнде күлiмдейдi.Жұлдыз
Жылт-жылт етiп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.Жұлдыз
Сарайдың сансыз шырағы,
Нұр шашып, самсап тұрады.Жұлдыз
Көк төрiнде жоғары,
Iлулi тұр атамның
Сапталмаған орағы.Ай
Бейнесi суда дiрiлдейдi,
Қармаққа бiрақ iлiнбейдi.Ай
Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.Ай
Алып мұхит – ақ алау,
Шетi шексiз жағалау.Көкжиек
Шаруасы әр салалы,
Он екi балалы,
Бәйтеректей атам бар.
Әр баласың
Отыздан серiгi,
Өзiне лайық көрiгi бар.Жыл он екі ай
Тұрғанымен жырақ өзi,
Таусылмайтын шырақ көзi.Күн
Жартысы
Жадыратып нұр себедi,
Қалғаны
Қара мақпал бүркенедi.Тәулік
Екi доп ауысты,
Бiр шеңбердi тауысты.Күн, ай, тәулік
Ғаламның шырағы не?
Адамның шырағы не?Күн мен білім
Күн мен түннiң кеңдiгiн,
Жер шарының ендiгiн,
Қаә бөлiп тұр тепе-тең,
Жұмыр жердiң белдiгi.Экватор
Алауға оранып,
Көкке өрлеп шығады.
Бiр айналып оралып,
Көкжиекке бұғады.Күн
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.Күн
Мекенi көкте екi ару,
Бiр-бiрiн көруге зәру.Күн мен ай
Әлемнiң бар екi күзетшiсi;
Бiрi – күндiз тынығады,
Бiрi – түнде тынығады.Күн мен ай
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі