Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 175-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Ерiншектi,
Емiншектi,
Аямайды,
Қаламайды,
Шағады.
Мұны кiм табады?Ара
Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай-ақ.Қоян
Жылқы тұмсық,
Ешкi құйрық,
Есек құлақ,
Түйе ерiндi,
Төрт аяғы тең емес,
Бiрi ұзын,
Бiрi қысқа,
Қорқақ өзi,
Қыли көзi.Қоян
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.Қоян
Жылқыны қарына қыстырып,
Түйенi ернiне қыстырып,
Есектi құлағына қыстырып
Қасқырды ат қып мiнiп,
«Әйт!» дегенде жүре берген.Қоян
Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын?Түлкі
Сайқымазақ қулығы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бұл қандай аң?
Ұғып ал.Түлкі
Шырша саясы – күркесi,
Өзi орман еркесi.
Қарғып жүрер жан-жаққа,
Өте құмар жаңғаққа.Тиін
Бұтақтардан бұтаққа,
Орғиды да қарғиды.
Кейде салар бұлтаққа,
Құйрығымен әрқилы,
Қос құлағы делдиiп,
Тыныштықты бағады,
Жемiн тауып жейдi үйiп,
Домалатып шағады.Тиін
Бұтақтарға секiрiп,
Әр жерден қылт етедi.
Кейде жаңғақ кемiрiп,
Жоғары өрлеп кетедi.Ақтиiн
Тастан-тасқа секiредi,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкiрегi,
Аула оның тұрағы.Лақ
Жыртылмай-ақ тоны,
Жамапты оны.
Бiр жерi қара ала,
Бiр жерi сары ала,
Тiгiлмеген бiрақ,
Бұл қандай құрақ?Шұбар мал терісі
Желемiк күнгi толқындай,
Бұйрасы бар,
Төл тоны.
Бағалайды алтындай,
Киiм тiгiп, ел де оны.Қаракөл елтiрiсi
Ұқсап тұрған жақшаға,
Төбеде өскен шақша ма?Iрi қара мүйiзi
Көрiп тұрар бар ауыл,
Бiр тауда қос қарауыл.Түйе өркешi
Иiр-иiр денесi,
Сахараның кемесi,
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.Түйе
Иiр мүйiз,
Сүйiр мүйiз,
Ай қабақты,
Май бұғақты,
Тұла бойы
Бұқа мойын,
Бұл қандай түлiк,
Сен де оны ал бiлiп?Қошқар
Мойыны сорайған,
Сирағы серейген.
Теңбiл шұбар терiсi,
Шөлдегi аңның iрiсi.
Жонында жалы бар,
Бұл қандай жануар?Керік
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,
Серейiп кеп тұрады.Керік
Түрi жылқы бейнесi,
Жолақ-жолақ жейдесi.Жолақ жылқы
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі