Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 171-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Жаңалықты
Үн-түнсiз таратады,
Барша жұртты
Бiр өзiне қаратады.Газет
Бiр қора дөңгелек,
Арлы-берлi дөңгелеп.
Әр нәрсенi тексерiп,
Санағанда тым зерек.Есепшот
Өзi өтпейдi,
Ал, өтпестi өткiзедi.Қайрақ
Артық кемдi теңестiрер,
Дәндi де өзi жемес бiрер.Таразы
Тазалап ақ қағаз жүзiн,
Жоқ етер қарындаш iзiн.Өшіргіш
Iндi көп-ақ қазады,
Өзi шыға қашады.Біз
Саусаққа киiп ем тобатай,
Иненi жүгiрттiм оп-оңай.Оймақ
Тұтқасыз тобатай,
Ұнатар, көп апай.Оймақ
Екi басы дөңгелек,
Екi ұшы сүйiр,
Қиғанға үйiр.Қайшы
Кiшкене тегештей
Қарыны бар кемештеу.
Құдды қайың берiшi,
Iшiнде шөл дәрiсi.Саптыаяқ
Адамдардың киiмiн,
Ұстап тұрар иығым.Киiм iлгiш
Аяғы төртеу, жүре алмайды,
Не жатып бiр сәт те дем алмайды.
Отырған адамға дап-дайын,
Тiк ұстап тұрар тақтайын.Орындық
Жалғыз аяқ, тiлiк ерiн,
Тұмсығында найзасы бар.
Киiмдердi тiгiп керiм,
Адамға көп пайдасы бар.Iс машинасы
Қос таяқ,
Бастары дөңгелек.
Тұтасты
Кеседi бөлек-бөлек.Қайшы
Сегiз тарам қайыстан,
Өрiмi бар бұзау тiс.
Жұмсақ жағы майысқан,
Айнымаған жылан түс.Қамшы
Гүлдерi бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркiм ұмтылған,
Киiм киер оңтайлы.Мата
Шылбырын сүйрейдi,
Жыртықты түйрейдi.Ине
Көзiне шуда тағады,
Бөлектi құрап,
Ұшы жылмаң қағады.Ине
Танауында арқаны,
Бiр батып, бiр шығып,
Алға қарай тартады.Ине
Үскiнiң көп тармағы,
Қара орманды шарлады.
Қисықтарын түзедi,
Теп-тегiс түз ендi.Тарақ
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі