Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 170-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Көз алдыңа жайнаған,
Түсi судан аумаған.
Тегiс перде керiледi,
Бiрақ бәрi көрiнедi.Әйнек
Мөлдiр мұз арқылы,
Нұр төгiп күн тұрар.
Кең бөлме әр күнi,
Тазарып құлпырар.Терезе
Күн нұрына қарық қып,
Үйдi тұрар жарық қып.Терезе
Екi ұшына
Екi шелек iлiп алды.
Қайқы таяқ
Иығыма мiнiп алды.Иiнағаш
Төрт аяғы, арқасы бар,
Жалпақ жайлы ортасы бар.
Ең алдына кiсiнi алып,
Сынайды ылғи күшiн анық.Орындық
Қос рельстiң арасын,
Қоссам егер белдеулеп,
Биiкке өрлеп барасың.Саты
Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық.
Киiмдердiң қыртысын,
Бередi тез жазып.Үтік
Жай да үнсiз тұрады,
Бiреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.Телефон
Күндiз-түнi шатырдан,
Бiр түспейтiн қарауыл.
Кiндiгi үйге тартылған,
Көрiнедi бар ауыл.Теледидар антеннасы
Кино менен концерттi,
Үйде қойып беремiн,
Жаңалығын бар елдiң.
Өз көзiммен көремiн.Теледидар
Көгiлдiр түсi бар,
Тас балқытар күшi бар.Газ
Терезенiң тесiгi,
Таза ауаның есiгi.Желдеткiш
Тысы жылтыр,
Iшi жарқыл.Электр шамы
Бассаң түймесiн,
Шашады сәулесiн.Электр шамы
Сырты құдды алмұрт,
Қояды iлiп төбеге,
Оған құмар бар жұрт,
Ол сонда немене?Электр шамы
Таспадай қағазға тiзiп,
Жазатын әрiптерi
Шұрық тесiк,
Нүкте мен сызық.Морзе алфавитi
Бұрасаң тетiгiн,
Соғады жүрегi,
Өлшемiн түн мен күн,
Әркiм-ақ бiледi.Сағат
Үш тiлi тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды-ақ.Сағат
Ұшып түсер күн бiтсе,
Жоғалады жыл бiтсе.Күнтізбе
Қашық жердiң сәлемiн,
Тез-ақ алып келемiн.Телеграмма
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі