Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 165-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Жоқ екен бір құйрықтан басқа қару,
Ешқандай кәсіп етпес, пайда табу.
Өзіне жастан болған әдет екен,
Мақұлыққа жақындасқан найза салу.Жылан
Жап-жалаңаш мақұлық,
Адам көрер түрі жоқ.
Тиіп кетсе қақсатар,
Қабырғада міні жоқ.Жылан
Айыр-айыр тілі бар,
Шұбар ала түрі бар,
Бәр жәндіктің ішінде,
Қауіптісі сол, біліп ал.Жылан
Дүниеде бір найза бар сапталмаған,
Мүлкім деп ешбір адам сақтамаған.
Бұрынғы өтіп кеткен қариялар,
Найзаның тиген жерін мақтамаған.Жылан
Айтайын бір жұмбақты сізге батыр,
Өзінің асты кеуек, үсті жалтыр.
Қазандай қара тастың бауырында,
Бір сүйір адам таппас зәрлі жатыр.Жылан
Ши түбінде шығыршық.Жылан
Шөп арасында ұзын қамыс.Жылан
Жол үстінде майлы қайыс.Жылан
Жапырақ астында қара пышақ.
Жылан
Төсек астында шылғи қайыс.Жылан
Ізі бар,
Адымы жоқ.Жылан
Жылт-жылт еткен,
Жылға сайын өткен,
Бар адам безген.
Жылан
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүріп кетсе жолы жоқ,
Үстіне біткен жүні жоқ,
Сыйдырып қойған таспадай,
Сипаласаң міні жоқ.Жылан
Ұзын-ұзын, ұзын келер,
Ұзын бойлы қыз келер,
Қабақтары қалтырап,
Маңдайлары жалтырап.Жылан
Жер астында жездем қамшысы жатыр.Жылан
Жәндік көрдім аласа,
Түрі басқа тамаша,
Ешбір жанға қосылмас,
Жүреді өзі оңаша.
Бірі бата алмайды
Қасқыр, аю, жолбарыс,
Ортаға алып қамаса.Кірпі
Бір мақұлық бар еді жүрген саяқ,
Кеудесіне қарасам мүштімдей-ақ.
Түрін байқап қара да, ет тамаша,
Үстінде көтеріп тұр бір мың таяқ.Кірпі
Бір түйем бар үстіне жантақ артқан,
Өзі сондай кетеген құдай атқан.Кірпі
Айтайын бір жұмбағым тұңғиықта,
Жаратқан барша жанға бір бұйрықты.
Болғанда қоян құлақ, қой құйрықты,
Болғанда мысық аяқ, түлкі тұмсық,
Айнала тікенек, бір жүні қылшық.Кірпі
Далада жабулы тоқпақ жатыр.Кірпі
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі