Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 164-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Жез бейнелі өзі,
Кең дала еркесі,
Мөп-мөлдір көзі.Киік
Мүйізінен таралған,
Жанға шипа дәрі алған.Марал
Төбесінде қу бұтақ,
Алар екен кім бұтап.Бұғы
Ат та емес, ит те емес,
Тістейтінін қайтерсің.Тышқан
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырған тоны бар.
Қанар қапта не болса,
Бәрін жейтін ойы бар.
Тышқан
Ары жүгір қара шарт,
Бері жүгір қара шарт.
Тал түбіне тасталған,
Жылқыны қарнына қыстырған.
Түйені ерніне жапсырған,
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Айт дегенде аяуы жоқ.
Құндыз
Жер астында жездекем аты кісінейді.Суыр
Бір жігіт ақ боз үйден шыға келді,
Үстінде алтай қызыл ішігі бар.
Жалма-жан қол көтеріп сәлем берді,
Жанында кейде нөкер, күшігі бар.
Суыр
Бір нәрсе төрт аяқты, мал басты емес,
Не адам, не дерексіз албасты емес.
Астында бір нәрсесі салбыраған,
Аттың жалы, атанның шудасы емес.Тасбақа
Көк ала бас көк бура,
Сырты сұлу, күмбездей,
Далада оттап жүрсе де
Бауырын жазып шаба алмас,
Үйірін іздеп таба алмас.
Үстіне киген киімі
Бір жыртылса жамалмас,
Оны адамзат баға алмас.Тасбақа
Базардан келген көк лөк,
Көк лөктің көзі көк.
Үстіндегі Жәнібек,
Жәнібектің жаны жоқ.Тасбақа
Өмірі шықпай үйден бір,
Өз үйін өзі сүйреп жүр.Тасбақа
Айдалада тостаған,
Оны нағып тастаған.Тасбақа
Сауыттан мықты шапаны,
Жиырылып кейде жатады.Тасбақа
Жау келсе қатты сасады,
Құйрығын тастай қашады.Кесіртке
Ши түбінде шұбар кездік.Кесіртке
Дүнияда кірпіксіз жан не болады?Жылан
Иір-иір ізі бар,
Құлағы жоқ, көзі бар.
Түсі суық ызғарлы,
Ауызында айыр бізі бар.Жылан
Кемпір - тіссіз,
Жүрсе - ізсіз,
Тисең - зиянды,
Өлтірсең - қиянды.Жылан
Орманнан шығар,
Сырты шұбар.
Ала түрлі,
Кілтең сырлы.Жылан
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі