Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 162-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Теңіздей түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең.Білім
Ауыр-ақ,бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ.
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешуақытта талғаны жоқ.Білім
Сай бойында сары алтын.Білім
Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.Оқу, білім
Ұзын-ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?Оқу
Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық.Кітап, оқу
Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған.Білім, кітап
Адамсыз кетеді,
Айтса тарих тұрады,
Тағдырда жазған.Кітап
Өзі саңырау,
һәм айтады,
һәм үйретеді.Кітап
Бір қойым бар қаны жоқ,
Қанатының жаны жоқ.
Адамменен сөйлесер,
Ақылы бар, жаны жоқ.Кітап
Көлемі шағын, көп қыры
Қолдан қолға өтеді,
Өмірдің талай мол сыны
Ішіне сиып кетеді.Кітап
Қойған жерінде жатады,
Қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.Кітап
Жүзі бар сәнді сұлу ондап, мыңдап,
Сыры бар неше алуан тұрсаң тыңдап.
Жүрмейтін жері де жоқ әлемде оның
Қадірі мейлінше зор, ол неткен зат?
Ізінен іздегендер жол табады,
Олжаны аздап емес мол табады.Кітап
Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?Кітап
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.Кітап
Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың міне соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды дәмін татқан.Кітап
Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.Кітап
Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.Кітап
Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын,
Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын.
Домалақ, алды-арты бірдей екен,
Және де көріп жүрсіз әрбір түрін.Шошқа
Үй ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.Тышқан
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі