Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 157-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Тері құдық қауғасын,
Тарттым да,
Қанып іштім дәмді асын.Саба
Аппақ су — дәмі тәтті,
Ішсең сусын қандырады,
Шөлдегенде қатты.Қымыз
Есігі жоқ,
Тесігі жоқ,
Ақ доптың ішінде,
Несібі көп.Жұмыртқа
Түсі аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екі түрлі уызы,
Жесең тәтті-ақ.Жұмыртқа
Көлікпен түздің,
Ащы тас сүздім.Тұз
Өзі ащы, бірақ,
Дәмді етер асты.Тұз
Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ,
Қоз бен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша.
Таба нан
Жақсыменен тең көрген,
Ата-ана да жөн көрген.
Орындықпын төңкерген.Төрттік
Жалғас жатқан қос шеңбер,
Бүйірінде қақпасы.
Көрсең де оны дос сендер,
Жақсы, жаман ортасы.Үштік
Жалқаумен бір жүретін,
Құдды қармақ ілетін.
Жоламайды зерекке,
Сабақтарын білетін.Екілік
Басында аздың ақылы,
Селқостардың жақыны.Бірлік
Шәкірт кездегі,
Білімнің безбені.Баға
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
Әліппе
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.Кітап
Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Қажетпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпім де.Қағаз
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.Бор
Иір-иір құбыр,
Әрлесең бұлбұл.Керней
Оқуыма төреші,
Тоқуыма төреші,
Парақтасам байқалар,
Білімімнің өресі,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесі.Күнделік
Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі.Парта
Былғанышты жақтырмайды,
Ол бар жерде дақ тұрмайды.
Бірақ тағы өз үстінен,
Таза бір жер таптырмайды.Сорғыш
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі