Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 155-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?Шай
Қазық басына қар тұрмас.Жұмыртқа
Аппақ қана домалақ,
Жейді сыртын тазалап.Жұмыртқа
Әуеде жұмсақ,
Отта қатты.Жұмыртқа
Пісірсең ас болады,
Пісірмесең құс болады.Жұмыртқа
Ашып қарасам аппақ,
Жеп қарасам тәп-тәтті.Жұмыртқа
Есіксіз, түндіксіз отау.Жұмыртқа
Аузы бітеу ақ отау.Жұмыртқа
Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
Отыз күнде сол отау,
Айдалада жоқ отау.Жұмыртқа
Ақ сандық айналадан тауып алдым,
Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым.Жұмыртқа
Ашылмаған сандықта жыртылмаған бұл жатыр.Жұмыртқа
Әуеден ұшқан біл дейді,
Білдің бауыры зіл дейді,
Тіріден өлі шыққан
Ақылың болса біл дейді.Жұмыртқа
Бір үй бар әйнегі жоқ һәм есігі,
Ішінде алла берген бар несібі.
Болады бір жанды, бір жансыз,
Сандықтың табылады өз кәсібі.Жұмыртқа
Бір бөдененің ішінде екі түрлі суы бар.Жұмыртқа
Су көрдім реңі екеу бір қазанда,
Қақпағын аша алмайды ешбір жан да.Жұмыртқа
Бір нәрсе ақ пен сары, екі қабат,
Құдайым керемет берген аямай-ақ.
Ісіне құдіреттің таң қаласың,
Кетеді біраздан соң тарап-тарап.Жұмыртқа
Ғалымдар сөз сөйлесе ұқтырады,
Ішінде бір қалбырдың сүт тұрады.
Ол сүттің бірі жанды, бірі жансыз,
Жансыздар жаны барын жеп тұрады.Жұмыртқа
Суға қайнап сорпасы шықпас.Жұмыртқа
Құдайдың құдіреті көп болады,
Бір кеседе екі түрлі сүт болады.Жұмыртқа
Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.Жұмыртқа
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі