Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 153-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Болғанда бір ауызға екі қақпақ,
Еркінде адамзаттың ашып, жаппақ.
Қаншалық өрнек-өрнек азық-ауқат,
Ішінде сол нәрсенің қойған сақтап.Шкаф
Бір нәрсе өзі жансыз керіледі,
Қампиып қарны торсық көрінеді.
Ісі бар және о-дағы таңғажайып,
Сабаса екі жақтап семіреді.Құс төсек
Болғанда беті гүлді, асты сырлы,
Жинаған арасына жүн-жүбірді.
Төрт бұрыш, тоқсан жолды торқасымақ,
Халінше адамзатқа пайда қылды.Көрпе
Көп жерде кездеспейді осы шұбар,
Шұбарға мінген жанның бәрі құмар.
Жүк артып мінсе-дағы қанша оны,
Сонда да арықтамас ол жануар.Кереует
Бір нәрсе төрт аяқты, екі басты,
Көтеріп адамзатты көңіл ашты,
Бір адым жерге өзі бара алмайды,
Аяғы болса-дағы қозғалмасты.Кереует
Бір итім қабаған,
Аузына темір жамаған.Әбдіре, кебеже
Төрт бұрышты,
Бір ауызды.Әбдіре
Бір нәрсе төртпақтасып ұйықтап жатыр,
Қарнына көрінгеннің бәрін жұтар.
Адамзат қажеттісін іздегенде,
Қаңқ етіп ала ғой деп аузын ашар.Әбдіре
Күндіз бай,
Түнде кедей.Жүк
Үйде жездем жатыр,
Жез белбауын орап жатыр.Сыпырғыш
Бес жерінен буынған,
Еңбек десе жұмылған.Сыпырғыш
Сақалы жоқ, шашы бар,
Бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған,
Қоқсықты қоймай айдаған.Сыпырғыш
Бір үйден бала көрдім басы жалпақ,
Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ.
Тымтынып үй ішінде жүгіреді,
Ерте-кеш, анда-санда, уақ-уақ.Сыпырғыш
Белі бір, белбеуі он бір,
Кетпейді өмір бойы бетінен кір.Сыпырғыш
Бір қыз қарап тұр,
Шашын тарап тұр.
Белін буып тұр,
Бетін жуып тұр.Сыпырғыш
Базардан белбайлау қыз әкелдім.Сыпырғыш
Белін берік байлаған,
Босағадан жай алған.
Лас, қоқыр, шаң-тозаң,
Қосақтап бәрін айдаған.Сыпырғыш
Жақсы жерде жүреді,
Жаман жерде жатады.Сыпырғыш
Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.Сыпырғыш
Қараңғы үйде белін буған бек жатыр.Сыпырғыш
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі