Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 151-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Бір мешкей бар төрт құлақты,
Қою, сұйық жегізіп жұртқа ұнапты.Қазан
Болғанда бір атасы, төрт баласы,
Адамзат толған қоршап айналасы,
Қойсаң да айдаһардың аузын ашып,
Адамға қызмет ету бар шарасы.Қазан
Түгел айтсаң не барын,
Төрт құмалақта бір қарын.Қазан
Қабақта қара бурам шөгіп жатыр.Қазан
Бір жігіт үш белбеу байланады.Бесік
Дүниеде күйме көрдім төрт аяқты
Дөңгелек екі басы ай сияқты.
Төрт есік, мәткесі бар, уығы жоқ,
Үзік жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ,
Құс төсек мамық жастық, біреу жатыр,
Көңілі уайымсыз жай сияқты.Бесік
Бір нәрсе екі түрлі заттан болған,
Адамзат шығарады істеп қолдан.
Жұмсаймыз уақытымен тазалыққа
Өмірі ақырында бітер содан.Сабын
Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады.Сабын
Өзі кірді ашады,
Суға салсам қашады.Сабын
Бар екен бір асыл зат белін буған,
Қаншама жиренбейді лас судан.
Жаны жоқ, кеудесінде болса-дағы,
Қалмайды көп жиылған ұлы дудан.Шылапшын
Адам жоқ, салмақ салмаған,
Орны жоқ, кезіп бармаған.
Тізе бүкпей әлі тұр,
Сонда да таяғы талмаған.Орындық
Бір нәрсе ет жемейді, су ішпейді,
Үстінен оның, сірә, жан түспейді,
Шаршамас, белі талмас, сондай мықты,
Тұруға жалықпайды, беріспейді,
Міні жоқ, бойы сұлу болғанменен,
Таңырқап оны адам көріспейді.
Мінезі сол нәрсенің сондай жуас,
Бір-бірін бөтен малдай тебіспейді,
Жұмысын салтаң мініп бітірмесе,
Жегуге арба шана көніспейді,Орындық
Төрт аяқты болса да жүре алмайды,
Өздігінен еш нәрсе біле алмайды.
Жайылған дүниеге бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды.Орындық
Бір дария жерде де емес, көкте де емес,
Төрт тіреу төрт жағынан тұрады егес.
Үстіне алуан түрлі жеміс шашып,
Бірнеше үйрек келіп қонады еміс.Үстел, тамақ, шыныаяқ
Бір нәрсе дөңгеленген төрт аяқты,
Көтерген үш уақыт барлық затты.
Жем беріп, сол уақытта келгендерге,
Етеді көңілін шат, әрі ауқатты.Ас ішетін үстел
Арқасында азығы,
Бауырында қазығы,
Күнде шүлен тарқатар,
Оның неден жазығы?Үстел
Төрт келінге бір орамал.Үстел
Дөңгелек айналасы, үсті тегіс,
Табылар тарапынан түрлі жеміс.
Төртеуі ағайынды тату екен,
Олардан аулақ жүрер ұрыс-керіс.Үстел
Басы жоқ, төрт аяқты, жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ, бейне бір ат.
Жүк артсаң әсте белі майыспайды,
Құйрық-жалсыз бұл өзі не қылған зат.Үстел
Бір нәрсе су ішінде болды пайда,
Дарияға оны алатын дәурен қайда.Айнадағы сурет
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі