Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 154-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Мен көрдім бір теңізден темір қайық,
Әр пенде сол қайықты көруі лайық.
Үстіне түндігі жоқ үйді тігіп,
Кетеді риза болып барша халық.Поднос, дастархан
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.Дастархан
Есікте жасауыл бар екі қатар,
Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар.
Ол адам жәбірленіп тұрғанында,
Біреу кеп ар жағынан әрі тартар,
Алып барып онан соң қинап жанын.
Кездіріп талай өзен сайдың бәрін,
Ләззатын сол сайлары алып қалып,
Шығарып тастайды екен ғазиз тәнін.Тамақ, асқазан
Қол ауызға берді,
Ауыз жауызға берді,
Жауыз ирек жол арқылы
Барлығын қазынаға берді.Ішкен тамақ
Аппақ қардай,
Дәмі балдай.Балмұздақ
Алтын алдым жапырақ,
Жатқан жері топырақ,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған.Өсімдік майы
Ашылмайды қабағы,
Әркімнің де тамағы.
Ашуланса болады,
Ұлпадай жұмсақ жабағы.Тоң май
Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді,
Дәмі аузынан кетпейді.Ана сүті
Бір дария қайнайды екен көбік атып,
Ішінде жайын да жүр мехнат тартып.
Өткелі бар, дарияның аралы жоқ,
Келе ме білсе жайын оған қайтып.Қазанда асқан ет
Қызартып салдым,
Бозартып алдым.Қазанға салынған ет
Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.Жіліктің майы
Кішкентай құдығымның суы тәтті.Жіліктің майы
Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.Көже мен шөміш
Секірме тастың үстінде
Сексен қойдың ізі бар.Леген үстіне жайылған құрт
Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті, елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі.Қымыз
Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба
Уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.Айран
Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.Ана сүті, бес саусақ
Сылдыр сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?Сүт
Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.Қымыз, саба, піспек
Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?Кесе, шай
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі