Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 152-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Үстінен ажырамас ағаш енді,
Қарасаң күлкісіне тамаша енді.
Сұлулық, көркемдікке әуес болған,
Адам менен өзі жүрер таласа енді.Айна
Көлеңкесін көріспек,
Көріп тұрсаң күліспек.Айна
Сүңгідім суға қарап етпетімнен,
Артыма бір қарадым кеткенімнен.
Әлгі су сүңгіп кеткен мұз боп қатты,
Тағы да шығар-шықпас еркі өзімнен.Айна
Күнде оған қараймын,
Қара шашым тараймын.Айна
Бір дария жерде емес, көкте де емес,
Дарияның аузы көмеш, түбі төгеш.
Суының мөлдірлігі таңқалғандай,
Ішіне ит түссе де арам емес.Айна
Әрі отыр ләйлім құс,
Бері отыр ләйлім құс.
Көлеңкесі күмістен,
Күліп тұрған ләйлім құс.Айна
Алдыма келіп бір сағым,
Көрінді менің көзіме.
Бұл қалай деп сенбеп ем,
Дәл келтірді өзіме.
Байқап тұрсаң бір ғажап,
Аждаһадай тұлғасын,
Сиғыздыра әкелген
Алақандай көзіне.Айна
Егіз екі қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді ,
Біреуі жанды, біреуі жансыз.Айна
Адамды тартып алар көрсе өзі,
Мелшиіп қарап тұрар болмай сөзі.
Жанына барған кісі екеу болар,
Бетіне түртіп қалсаң шығар көзі.Айна
Бір көл бар, мөлдір емес, лас емес,
Ішіне ит түссе де арам емес.Айна
Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе.Айна
Табан-табан, табан-ай,
Табаны жалпақ қоян-ай,
Көлеңкесі күмістен,
Күліп тұрған қоян-ай.Айна
Кішкентай ғана мінтас,
Алып ұрсам сынбас.Тұтқыш
Аяғы жоқ , қолы жоқ,
Көйлегі көк, қарны тоқ.Жастық
Керегенің басында
Мақпал қоржын.Тұтқыш
Жатса - қояндай,
Тұрса - түйедей.Шымылдық
Жайса - көлдей,
Жиса - жеңдей.Шымылдық
Түнде түйедей,
Күндіз түймедей.Шымылдық
Жайсам - жамшыдай,
Жисам - қамшыдай.Шымылдық
Дүниеде бір қақпас бар құйған қыштай,
Ішінде түрлі аң жатыр іші пыспай.
Қапастан сол аңдарды шығарған соң,
Отырар құрмет етіп ұстай-ұстай.Шкафтағы заттар
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі