Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 148-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Кең балақтың ішінде
Кетпен сап болады.Күбі
Жансызда бір жансыз бар тоймайтұғын,
Қолында шоқпары бар қоймайтұғын,
Белінде үш-төрт жерден белбеуі бар,
Өзі өлмесе, белбеуі тозбайтұғын.Күбі
Аузы бар да тісі жоқ,
Оны ұрмаған кісі жоқ.Келі
Үлкен келін есік ашты,
Кіші келін ұрып қашты.Келі мен келсап
Буынын басса, былқ етер,
Тайып кетсе, шық етер.
Бәкі
Айдаһар жылан көрдім екі басты,
Бір басы бір басынан екі елі асты.
Аузына қанша нәрсе түссе-дағы
Аптығып өз-өзінен жұта алмасты.Бәкі
Түнде буаз, күндіз қысыр,
Күндіз буаз, түнде қысыр.Саба, етік
Бір бием желіні жетіп егіз тапқан,
Айғыры туар күні үйірін тапқан.
Бірі ұлпал, ласының бірі жаңқа,
Япырай, неткен зерек мұны тапқан.Саба, піспек, май, құрт
Көк өгізім гүрілдейді,
Жансыз ағаш дірілдейді.Саба піспек
Бір нәрсе аяғы бар, тұяғы жоқ,
Мойны бар, басы менен құлағы жоқ.
Артында бір көлденең ағашы бар,
Сонда да мал секілді сияғы жоқ.Мес
Аузы бар да тілі жоқ,
Құйрығы бар да жүні жоқ.Мес
Ымпиттым да жымпиттым,
Жүнін алып сымпиттым.Мес
Кішкене ұлым бар,
Кірген-шыққан сүйеді.Кесе
Он екі аққу, бір тақыр,
Бір тақыр көлді жағалайды.Шыныаяқ, поднос
Тұтқасы бар ұстайтын,
Алақандай жерге қыстайтын,
Сағат болмай көшеді,
Тиіп кетсең ұшады.Шыныаяқ
Ерте тұрып шатыра жайдым.Шыныаяқ
Таңертең тұрып шатырымды құрдым.Шайтабақ
Бір қарыс, екі тұтам бойы бар-ды,
Өзінің сақилықтан ойы бар-ды.Құман
От басында омпиған,
Омырауы томпиған.Құман
От басында таукешік.Құман
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі