Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 169-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
От басында құмған,
Екі көзін жұмған.Мысық
Бір балық көрер көзге жүні майда,
Тимейді майдалықтан ешбір пайда,
Қаруы денесінде бір-ақ жерде,
Саны бар, сапасы жоқ сида-сида,
Ибарат да тіршілік ойына алмайды,
Қонып, түнеп, жатады әлде қайда.Ит
Төрт аяқты мақұлық,
Үй күзетеді ақырып,
Тындырғандай кей жерде
Жата кетер аһ ұрып.Ит
Үй артында шоңқайма,
Буы шығып тұрмай ма?
Салпаң құлақ келед деп,
Қорқа-қорқа тұрмай ма?!Ит
От басында орайған,
Құйымшағы сорайған.Тазы ит
Ол надыр құм жануары,
Көзі өткір, көңілі тар,
Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар.
Қара түгіл ханда бар,
Қытайда бар, Қырымда бар,
Түркістан, Үрімде бар,
Хоразым, Бұхарада бар.Ит
Жанды “сағат”,
Айқай салады.Есек
Денесі буылтық,
Сырты жасыл түк.
Өзі сұр, бөрі емес,
Ұзын құлақты, қоян емес,
Жұмыр тұяқты, жылқы емес.Есек
Ешбір бұйым тікпеген,
Үсті толған көк тебен.Кірпі
Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме.Кірпі
Кiрге суда кезiгедi,
Сүйкенем деп езiледi.Сабын
Кiр киiмдi қалайды,
Өзi кiрдi жалайды.
Суға түссе шомылып,
Дақты жояр талайғы.Сабын
Сүрткен киiмi тазарып,
Өзi қалды тым арып.Сабын
Екi басы қалта,
Ортасы алқа.Тұтқыш
Алақанымен
Үй iшiн аялайды,
Бiрақ,
Кiр-қоқысты аямайды.Сыпырғыш
Кiр-қоқысты сүймейдi,
Сыртқа қуып сүйрейдi.Сыпырғыш
Едендi кеп жаласа;
Қалдырмас ол түгiндi.
Аузына таласа
Бар қиқым жүгiндi,
Тазалауы тамаша,
Кiлем мен алаша,
Жайнайды қараса.Шаңсорғыш
Iшi салқын, мұзы бар,
Күнкей қашқан қой сынды,
Жылыда тез бұзылар,
Барша тағам тығылар.Тоңазытқыш
Басы жұқа,
Тың күшi бар.
Сабы ұзын,
Ұңғысы бар.
Топырақты уыстап ап,
Лақтырады қуыс табақ.Кетпен
Сабы – таяқ,
Басы – қалақ.
Ұшын жүрер,
Жерге қадап.Күрек
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі